Электронды оқулықтар: 1. Биохимия. К.Мэри, Кэмпбелл. http://library.ayu.edu.kz/z
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар 1. Асқазан сөлінің қышқылдылығының түрлерін қалай анықтауға болады.
2. Асқазан сөлінде қанды, сүт қышқылын және өт қышқылдарын қалдықтарын қандай сапалық реакциялар арқылы анықтауға болады
3. Асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктерінің пайда болу себептері.
4. Асқазан сөлінде әр түрлі патологиялық жағдайдағы түзілетін өнімдер, олардың түзілу себептері.
5. Белоктардың шіру процессі мен қорытылу процесстерінің айырмашылығы.
6. Жануар индиканы дегеніміз не?
7. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған кезде, немесе төмендеген кезде сүт қышқылының мөлшері көбеюі мүмкін бе?
Ситуациялық есептер 1. Асқазан сөлін зерттеген кезде, сүт қышқылының көбейгені байқалады. Бұл қай патология кезінде болады.
2. Анализ кезінде асқазан сөлінен күкіртті сутегінің иісі сезілді және тұз қышқылының мүлдем кездеспейтіні анықталды. Науқастың іші өтеді, асқазан аймағында ауыр салмақ сезімі байқалады. Бұл жағдай асқазанның қандай патологиясы екенін білдіреді?
3. Науқас асқазан аймағының ауырсынуына шағымданады. Асқазан сөлін зерттеу барысында асқазан сөлінде қан бар екені және жалпы қышқылдықтың 90-ға тең екені анықталды. Сіздің диагнозыңыз.
4. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдылығы энтеральды белсендіруден кейін 85 мм/л, ал бос тұз қышқылы НСІ - 65 мм/л болды. Бұл жағдай қалай аталады және асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері табылуы мүмкін.
5. Зерттелген зәрде көп мөлшерде индикан бар екені дәлелденді. Бұл өзгеріс қай жағдайда байқалады?
Билет-1 1. Қалыпты асқазан сөлінің физикалық қасиеттері.
2. Ішекте белоктардың шіруі, шіру нәтижесінде түзілетін улы өнімдер.
Билет -2 1. Қалыпты асқазан сөлінің органикалық құрам бөліктері.
2. Белоктардың қорытылуы. Бұл процеске қатысатын ферменттер.