Стоматология факультеті


Білім берудің және оқытудың әдістері



бет30/38
Дата18.05.2022
өлшемі356 Kb.
#34934
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
Биохимия стом метод каз-2020-2021 (1)

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда оқыту (SGL), мәселелерге/есептелген негізделген оқыту (TaskBL), Ауызша талдау, тест тапсырмаларын, жаттығуларды орындау.
6.Әдебиет:
1. Оқулық. Биологиялық химия, 2011. Т.С.Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж.Сейтембетова.
2. Биологиялық химия пәнінен лекциялар жинағы. Оқу-әдістемелік құрал. 2018. Б.Ж.Шырынбекова.
Электронды оқулықтар:
1. Биохимия. К.Мэри, Кэмпбелл. http://library.ayu.edu.kz/z
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)


Өзіндік жұмысқа арналған жаттығулар.
1. Гематурияны гемоглобинуриядан қалай ажыратуға болады?
2. Кетон денелерінің түзілу реакцияларын жазыңыз, қай жерде түзіледі. Зәрде қай реакция арқылы оны анықтауға болады? Зәрде қандай жағдайда пайда болады?
3. Қанның құрамында глюкозаның қандай концентрациясы кезінде, зәрде глюкоза пайда болады. Бұл жағдай қалай аталады?
4. Бүйрек арқылы зәрмен сыртқа шығарылатын көмірсу, липид, белок алмасуының соңғы өнімдерінің формуласын жазыңыз.
5. Уремия дегеніміз не? Қай кезде байқалады?
6. Диурезге байланысты қалыпты зәрдің түсінің және тығыздығының өзгеруі.
7. Зәрдің патологиялық құрамын атаңыз.
8. Қай органның зақымдануы кезінде зәрде мочевинаның мүлдем көбейгені байқалады.
9. Анурия дегеніміз не? Түрлері, қай кезде байқалады
10. Сау адамда зәрдің тәуліктік мөлшері?


Ситуациялық есептер
1. Зәрде креатиннің анықталуы, қай кезде байқалады және бұндай жағдай қалай аталады?
2. Өт пигменттеріне сапалық реакция оң көрсеткіш көрсетті. Қандай патологиялық жағдай деп ойлауға болады? Зәрде қандай билирубин түзіледі? Оның химиялық табиғатын жазыңыз.
3. Зәрде 0,22г/л белок табылды. Қандай патология деп ойлауға болады? Бұл жағдай қалай аталады? Түзілу себептері.
4. Науқас адамның зәрінің мөлшері 300 мл, тығыздығы 1,006 1 тәулікте. Қандай диагноз. Қандай жағдайды көрсетеді.
5. Науқас адамда зәрінің мөлшері өзгерген, әр тәуліктегі зәрдің тығыздығы өзгермеген. Бұл жағдай қалай аталады? Бүйректің қай функциясы бұзылғандығы байқалады?
6. Жаңадан бөлінген зәр бұлыңғыр түске айналды. Не себепті? Түсіндіріңіз
7. Пробиркадағы зәрді қатты шайқаған кезде сары түсті көпірік пайда болды. Бұл жағдай нені айтады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет