Ситуациялық есептер
1. Қан сары суында қалдық азоттық саны: 85 ммоль/л; 150 ммоль/л, 100ммоль/л. Бұл жағдайлар қалай аталады? Сіздің қояр диагнозыңыз?
2. Зерттелген қан сары суына қаныққан күкіртті аммоний тұзы қосылады, нәтижесінде тұнба түзілді. Неге?
3. Операция алдында науқас адамның қалдық азот мөлшері (50ммоль/л) жоғарылаған. Науқасқа операция жасауға болады ма? Неге?
4. Қан сары суында глюкозаның мөлшері 10 ммоль/л. Бұл қай жағдайда байқалады?
5. Қан сары суында белоктарды фракциялау кезінде, жалпы белок саны өзгермеген, басқа белоктардың проценттік мөлшері: альбуминдер-40, -глобулиндер-10, -глобулиндер-10, -глобулиндер-38. Бұл жағдайда патологиялық ауытқу бар ма?
6. Қан сары суында хлордың саны 65мМоль/л. Қай патология деп түсінуге болады?
7. Қан сары суында Mg2+ және К+ иондарының көбейгені байқалады. Бұл қандай жағдайда болады?
8. Қан сары суында фосфордың саны 0,15 ммоль/л, зәр арқылы бөлінген фосфор 0,48 ммоль/л тәулігінде. Қай витаминнің реттеуші (регуляторлық) қызметі бұзылған?
9. Зерттеліп отырған сұйықтық - 2 сіңірілу спектрін көрсетеді: екі жіңішке қара жолақ, сары - жасыл түс спектрінде. Стокс реактивін қосқан кезде жолақ өзгерген жоқ. Бұл сіңіру спектрі гемоглобиннің қай туындысына тән.
10. Науқастың қан сары суын зерттеген кезде: кальцийдің құрамы 1,2мМоль/л тең болды. Мұндай жағдай қалай аталады? Қай кезде байқалады.
1. Қан плазмасының құрамындағы натрийдің мөлшері:
а) 2-10 ммоль/л г) 10-30 ммоль/л
б) 130-156 ммоль/л д) 15-20 ммоль/л
в) 5-25 ммоль/л
2. Қандағы кальций катионының ролі:
а) БМҚ және майда еритін витаминдерді тасымалдау
б) қанда рН көрсеткішін және осмостық қысымды бір қалыпты ұстау
в) капиллярлар қабырғасын тығыздау және қанның ұюына қатысу
г) қанның ұюына қатысу, гормондардың секрециясына, бұлшық еттің
жиырылуын, нерв импульсының берілуін қамтамасыз етеді
д) қан плазмасындағы ферменттердің активтілігін арттырады
3. Қан плазмасының хлоридтері қатысады:
а) қанның ұюына және газдарды тасымалдауға
б) онкотикалық қысымды реттеуге глобиндердің ерігіштігін арттырады
в) қанның рН көрсеткішін, осмостық қысымын реттеуге, тұз қышқылының
түзілуіне
г) белоктардың ісінуіне және БМҚ-мен липидтерді тасымалдауға
д) қанның буферлік жүйесін түзуге, албуминдердің ерігіштігін арттыруға
4. Бикарбонатты буфер:
а) СО2 газының көзі
б) а ионының көзі
в) СО2 газын ткандерден өкпеге тасымалдайды
г) күшті қышқылдармен байланысады
д) аммиакты усыздандырады
5. Қан плазмасының құрамындағы калий ионының концентрациясы:
а) 2-10 ммоль/л г) 3,4-5,3 ммоль/л
б) 5-25 ммоль/л д) 15-20 ммоль/л
в) 130-156 ммоль/л
6. Қан плазмасындағы натрийдың мөлшері жиналады:
а) альдостеронның жеткіліксіз болуынан зәрмен бірге натрийдің және судың
мөлшері жоғары деңгейде бөлінеді, калидің мөлешерінің сыртқа
шығарылуы тежеледі
б) бүйректің өзгеше патологиясы кезінде, паренхиматоздық нефрит кезінде
в) электролиттердің бөлінуі
г) организмнің дегидратациясы кезінде
д) катиондар мен аниондарының санының бірдей болуы кезінде
7. Эритроциттердің құрамында кальцийдің ізі:
а) 2-10 ммоль/л г) 10-20 ммоль/л
б) 2,25-2,75 ммоль/л д) 2-5 ммоль/л
в) 5-10 ммоль/л
8. Плазмадағы магний ионының концентрациясы:
а) 2-10 ммоль/л г) 5-10 ммоль/л
б) 0,8-1,5 ммоль/л д) 6-12 ммоль/л
в) 2-5 ммоль/л
9. Эритроциттердің құрамындағы натрийдің концентрациясы:
а) 13-22 ммоль/л
б) 5-10 ммоль/л
в) 2-5 ммоль/л
г) 5-12 ммоль/л
д) 7-8 ммоль/л
10. Эритроциттердің құрамындағы калий ионының мөлшері:
а) 13-22 ммоль/л
б) 135-156 ммоль/л г) 3,4-5,3 ммоль/л
в) 77-96 ммоль/л д) 2,25-2,75 ммоль/л
11. Қан плазмасындағы темірдің концентрациясы:
а) 0,3-0,5 ммоль/л г) 18,5 ммоль/л
б) 0,02 ммоль/л д) 5 ммоль/л
в) 1 ммоль/л
12. Эритроциттердің құрамында темірдің мөлшері:
а) 10 ммоль/л г) 18,5 ммоль/л
б) 5 ммоль/л д) 30 ммоль/л
в) 20 ммоль/л
13. Гемоглобиннің физиологиялық туындылары:
а) карбгемоглобин және оксигемоглобин
б) метгемоглобин және карбоксигемоглобин
в) метгемоглобин және карбгемоглобин
г) оксигемоглобин және метгемоглобин
д) карбоксигемоглобин және оксигемоглобин
14. Гемоглобиннің патологиялық туындылары:
а) карбгемоглобин және оксигемоглобин
б) метгемоглобин және карбоксигемоглобин
в) метгемоглобин және карбгемоглобин
г) оксигемоглобин және метгемоглобин
д) карбоксигемоглобин және оксигемоглобин
15. Қалыпты жағдайда қанның рН көрсеткіші:
а) 6,37-6,44 г) 9,37-9,44
б) 7,37-7,44 д) 5,37-5,44
в) 8,37-8,44
16. Бикарбонатты буфер жүйесінің концентрациясы:
а) 1 г) 20
б) 2 д) 30
в) 10
17. Организмнің ішкі орта рН көрсеткіші байланысты:
а) буферлік жүйелердің әсерінен
б) рН әсерінен
в) факторлардың әсерінен
г) температураның әсерінен
д) судың әсерінен
18. Фосфорлы буферлі жүйенің мөлшері:
а) 1 в) 10
б) 2 г) 20
д) 30
19. Гемоглобинді буферлі жүйенің мөлшері:
а) 10 в) 50
б) 15 г) 75
д) 1
20. Қанның құрамында фосфордың мөлшері:
а) 1-2 ммоль/л г) 5-10 ммоль/л
б) 4-7 ммоль/л д) 10-12 ммоль/л
в) 3-5 ммоль/л
№12. Тақырыбы: Зәрдің биохимиясы. Қалыпты және патологиялық зәрдің құрам бөліктері. Зәрдің қалыпты және патологиялық құрамын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |