Білім алушының қолы ________________ Ибраемова Шолпан
2022 ж. 4мамыр
___________________________________________________________________
(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Исмагулова С.К
2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы
____________________________________
2022 ж4мамыр
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды( ұйымдарды) айқындау қағидаларына 2-қоссымша
Кәсіптік практикадан өтуі туралы күнделік-есеп
Білім алушы:Ибраемова Шолпан
№
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес,жұмыстарды орындау(оқыту) мерзімдері
|
Кәсіптік практика жетекшісінің қолы
|
32
|
Тіс эрозиясы
|
14:00 18:00
|
|
Эрозия – кіреукенің белгілі аймақта біртіндеп жойылуынан пайда болған, тістер бетінің ең дөңес аймағында орналасқан домалақ, сопақ немесе жарты ай пішіндес әртүрлі көлемді ақау. Көбіне аттас тістерде симметриялы орналасады, қабырға тік, табаны жазық, тегіс және жылтыр болады ( сурет). Эрозия шекарасының біртіндеп кеңеюі және өзінің тереңдеуі тістің ұрт жақ бетіндегі кіреукенің түгел, ал дентиннің жартылай жойылуына әкеп соғады. Кейде эрозия ошақтарының пішіні науаға, кейде қашауға ұқсас болады, демек ақау аздап ойықтау, эрозия жиегі біртіндеп тіс сауытының сау бетіне ауысады. Мұндай көрініс дентиннің жедел мүжілуі әсерінен дамиды.
Эрозиялана жарақаттанудың екі кезеңін ажыратады: бастапқы сатысы (кіреуке эрозиясы) және дамыған немесе анық сатысы (кіреуке және дентин эрозиясы).
Тереңдігіне байланысты үш сатыға бөледі:
Бірінші немесе бастапқы сатысы – кіреукенің жоғарғы қабаттарының жойылуы;
Екінші немесе орта сатысы – кіреукенің дентин – кіреуке шекарасына дейін жойылуы;
Үшінші немесе терең сатысы – дентиннің жоғарғы қабаттарының қоса жойылуы.
Боровский Е.В. және б., (1978), Максимовский Ю.М. (1981) екі клиникалық сатысын (белсенді және тұрақтанған) ұсынады.
Белсенді сатысы тістің қатты тіндерінің жедел жойылуымен және жарақат ошағының әртүрлі тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдығымен сипатталады.
Тұрақтанған сатысы патологиялық үрдістің баяу дамуымен, жарақаттанған тіндерде аса сезімталдықтың болмауымен сипатталады.
Кіреуке эрозиясы кезінде тістердің басқа себепті қажалып – жойылуына қарағанда жарақаттанған қатты тіндерде аса сезімталдық жиірек кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |