Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет13/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
5.4.3 Зертханалық үй-жайлар
5.4.3.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының үй-жайларында 
рұқсат етілмеген енуден қорғау жиынтығын қамтамасыз ететін конструктивтік сәулет-
жоспарламасын орындау және қауіпсіздікті техникалық жүйемен жарақтандыру болуы 
тиіс. 
5.4.3.2 Периметрлік қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын негізгі талаптар мынадай 
болуы тиіс: 


ҚР ҚН 3.02-14-2014 
11 
- барлық маусымдардың және тиісті климаттық аймақтардың сыртқы климат 
факторларына төзімділігі
- индустриялық, сондай-ақ көлік құралдарынан туындайтын кедергілерден, құстар 
мен жануарлар әсерінен қорғалуы. 
5.4.3.3 Жылыту бөлмелерін, тоңазыту камераларын, эмбриондарды жұқтыруға, 
олардың зарарсыздандырылғанын зерттеуге арналған бокстарды терезесіз жобалау керек. 
5.4.3.4 Жұмыстарға арналған бөлмелерді зертханаларға орналастыру қажет.
5.4.3.5 Қауіпсіздік мақсатында бокстардың терезе жақтауларын нығыздауыш 
төсемдерді қолдану арқылы желкөздер мен фрамугаларсыз қарастыру қажет.
5.4.3.6 Санитарлық-химиялық зертханада еденді қышқыл дарымайтын материалмен 
жабу керек. 
5.4.3.7 Бактериологиялық бөлімдер кіре берісіне санитарлық өткізу орнын қарастыру 
керек. 
5.4.3.8 Бактериологиялық бөлімдерде «таза» және «жұқпалы» аймақтар қарастыру 
керек.
5.4.3.9 Полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдісімен зерттеу жүргізуге арналған 
үй-жайларды жобалау кезінде мыналарды қарастыру қажет: 
а) сынама дайындау, реакция қоспасын дайындау, нәтижелерді есептеу (детекция) 
аймақтары үшін жекелеген үй-жайлар бөлуді; 
б) сынама дайындауға арналған үй-жайды материалдарды қабылдау бөлмесінің 
жанына орналастыру керек; 
в) детекция бөлмесін өзге аймақтардан алыс немесе оқшауландырылған бөлікте 
орналастыру керек; 
г) әрбір аймақта тоңазытқыштарды/мұздатқыштарды, зертхана жабдығын, 
реагенттерді, автоматты тамызғыштарды (мөлшерлеуіштерді), ұштықтарды, пластикалық 
жә
не шыны ыдысты, қорғаныс киімін, аяқ киімді, тальксіз бір рет пайдаланатын 
қолғаптарды, тазалау құрал-сайманы мен осы бөлмеде ғана қолданылатын өзге шығыс 
материалын орналастыруға арналған жеткілікті орын мөлшерін қарастыру керек; 
д) үй-жайларды ПТР зерттеу үшін жеке ғимаратқа орналастыру кезінде мынадай үй-
жайларды қарастыру керек: материалдарды қабылдау, үлгілерді тіркеу және бастапқы 
өңдеу, дәрігерлерге арналған үй-жайлар, гардероб, дәретхана, душ бөлмесі, қойма 
бөлмелері, автоклав, жуу. 
5.4.3.10 Қосалқы бокстарда бактериология бөлімдерінің, дәрігерлер жұмыс 
бөлмелерінің, сонымен қатар вирусологиялық бөлімшелер лаборанттарының санитарлық 
бактериология мен тамшылық инфекциялар жөніндегі зерттеулеріне арналған кіре 
берістер қарастыру керек. 
5.4.3.11 Вирусологиялық бөлімшелерде «таза» және «жұқпалы» аймақ қарастыру 
қажет. 
5.4.3.12 Зертхана кіреберісіне тіркеу орны мен сынамаларды қабылдау бөлмесін 
орналастыру керек.
5.4.3.13 Зертханада материал алу пункті болған жағдайда, қызметкерлер мен 
тексеретін тұлғаларға арналған бөлек дәретхана қарастырылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет