ҚР ҚН 3.02-14-2014 12
5.4.3.14 Микробиологиялық
зерттеулер
жүргізілетін
зертханаларда
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттарға
сәйкес кіре берістер қарастыру керек.
5.4.3.15 Микробиологиялық зерттеулерге арналған үй-жайларды жоспарлау кезінде
таза және жұқпалы ағындардың түйісу ықтималдығын болдырмау керек.
5.4.3.16 Зертханалардағы едендерді қышқылдар мен сілтілердің әсерін ескере
отырып орналастыру керек.
5.4.3.17 Өрт пен жарылыс қаупі бар заттармен жұмыс істеуге арналған үй-жайларды
көмірқышқылды өрт сөндіргіштермен, сондай-ақ өзге де өрт сөндіру құралдарымен
жабдықтау керек.
5.4.3.18 Жеңіл тұтанатын әрі жанғыш сұйықтықтар қатысатын жұмыстардың
барлығы желдеткіш жұмыс істеп тұрған электр құралдары, сондай-ақ электр аспаптары
мен газ жанарғылары өшірілген тартпа шкафында жүргізіледі.
5.4.3.19 Тәжірибелік, диагностикалық және өндірістік жұмыстар жүргізілетін,
сонымен қатар І-ІІ топтағы патогенді БА сақталатын объектілерде өткізу режимін белгілеу
керек.
5.4.3.20 ПБА қатысқан жұмыстар жүргізілетін үй-жайларды бактерицидтік
сәулелендіргішпен жабдықтау керек.
5.4.3.21 Патогендігі І-ІІ топпен немесе жұқтыру ықтималдығы бар материалмен
жұмыс жүргізілетін стационарлық зертханаларға арналған қоршауды жобалаған кезде
олар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес негізгі болуы тиіс.
5.4.3.22 Сыртқы қоршау жағдайында бекітілмейтін есіктердің, қақпалардың, шағын
есіктердің, сонымен қатар ойықтар мен өзге зақымданулардың болуына жол берілмейді.
5.4.3.23 Радиологиялық зертхананы жобалау кезінде «лас» және «таза» аймақ
қарастыру қажет.
5.4.3.24 Радиологиялық зертхананың лас аймағында мыналар орналасуы керек:
а) сынамаларды дайындауға, сақтауға және минералдандыруға арналған бөлме;
б) радиохимиялық зерттеулерге арналған аймақ (лас аймақ);
в) ыдысты, контейнерлерді, жабдықты, іш киім мен арнайы киімді қатерсіздендіруге
арналған бөлме.
5.4.3.25 Радиологиялық зертхананың таза аймағында мыналар орналасуы керек:
а) сынамаларды дайындауға, сақтауға және минералдандыруға арналған бөлме;
б) радиохимиялық зерттеулерге арналған аймақ (таза аймақ);
в) сұйық радиоактивті қалдықтарға, контейнерлер мен арнайы цистерналарға
арналған аймақ.
5.4.3.26 Лас және таза аймақтар арасында санитарлық өткізу орны қарастырылуы
тиіс.
5.4.3.27 Радиологиялық топтарға арналған үй-жайларды радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы негізгі санитарлық
ережелерге сәйкес жобалау керек.
5.4.3.28 Көрсетілген үй-жайларды бір-біріне тікелей байланыстыру арқылы жобалау
керек.