Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет18/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55
Байланысты:
45 СН РК 3.02-14-2014

ҚР ҚН 3.02-14-2014 
 
16 
басқарылатын (жанасусыз, басқышты және білезіктің қатысуынсыз өзге) 
араластырғыштар орнатылған қолжуғыштармен, сұйық (антисептикалық) сабын және 
антисептик ерітінділері салынған дозаторлармен жабдықтау керек.
5.4.7.5 Раковиналар мен өзге санитарлық құралдарды, сондай-ақ қабырғалар мен 
аралық қалқалардың ықтимал ылғалдануына байланысты қолданылатын жабдықтарды 
орнату орындарын ылғалға төзімді материалдармен өңдеу керек. 
5.4.8 Жарықтандыру 
 
5.4.8.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін табиғи және жасанды 
жарықтандыруды жобалау ҚР ҚН 2.04-01 және Қазақстан Республикасының аумағында 
қолданылатын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы керек. 
5.4.8.2 Табиғи жарықтандыру адамдар тұрақты келетін үй-жайлар үшін 
қарастырылады.
5.4.8.3 Виварий үй-жайларын жобалаған кезде табиғи және жасанды 
жарықтандыруды қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қарастыру 
керек. 
5.4.8.4 Кез келген зертханалық жануар түрлері орналасқан үй-жайларға жобалау 
кезінде сыртқы терезелер қарастыруға жол берілмейді.
5.4.8.5 Зертхана үй-жайларын табиғи және жасанды жарықпен жабдықтау қажет.
5.4.8.6 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің үй-жайларына 
мынадай жағдайларда біріккен жарықтандыру қарастыру керек: 
а) дәлдік разряды І-ІІІ түрдегі көз жұмыстары жүргізілетін үй-жайларда; 
б) ғимараттың өндіріс технологиясы және оны ұйымдастыру бойынша таңдап 
алынған көлемдік-жоспарлық шешімдері нормаларға сәйкес үй-жайлардың жеткілікті 
жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермесе; 
в) бір ғана табиғи жарық арқылы жарықтандыруды қанағаттандыру қиын немесе 
мүмкін емес жұмыс орындарындағы жарықтандыру қарқындылығына, сапасына және 
тұрақтылығына қойылатын талаптардың жоғары болуы кезінде. 
5.4.8.7 Рекреациялар ретінде пайдаланылатын дәліздерді табиғи жарықпен шет 
жағынан немесе бүйірлік жағынан жабдықтау керек. 
5.4.8.8 Жарықтандыру желілері сенімділікті, ұзақ мерзімділік пен өрт қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуі тиіс.
5.4.8.9 Сымдар мен кабельдердің қималары электр қондырғыларын орнатудың 
қолданыстағы ережелеріне сәйкес қыздыру жағдайлары негізінде есептелуі тиіс. 
5.4.8.10 Зат бөлмелерін, санитарлық желілер орналасқан үй-жайларды, 
қызметкерлерге арналған жеке гигиена бөлмелерін, душ бөлмелері мен гардеробтарды 
екінші жарықпен немесе тек табиғи жарықпен жарықтандыруға жол беріледі.
5.4.8.11 Жасанды жарық (жалпы және жергілікті), жарық көзі, шам типі
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормалар мен нормативтік 
құжаттарға сәйкес қабылданады. 
5.4.8.12 Төбелерге 
орнатылатын 
үй-жайлардағы 
жалпы 
жарықтандыру 
шырағдандарын тегіс (жабық) шашыратқыштармен қолдану керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет