Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет26/55
Дата15.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#43240
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
45 СН РК 3.02-14-2014

ҚР ҚН 3.02-14-2014 
 
24 
5.6.6 Мүгедектерге қолжетімді кіре беріс есіктерін автоматты, қол немесе 
механикалық етіп жобалау керек, сондай-ақ олар жақсы танылуы және олардың 
қолжетімділігін көрсететін символ болуы тиіс. 
5.6.7 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде 
мүмкіндікті қамтамасыз ету мақсатында халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары жүретін 
жолдарды ескеру қажет, кедергі жасайтын құрылғыларды қолдануға жол берілмейді. 
5.6.8 Учаскедегі көлік жолдарын және объектілерге жаяу жүргіншілер жолдарын 
қозғалыс жолдарының параметрлеріне қойылатын қолданыстағы нормативтік талаптарды 
сақтаған кезде біріктіруге жол беріледі. Бұл жағдайда адамдардың мен автомобиль 
көліктерінің қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін жүретін жол бөлігіндегі жаяу жүргіншілер 
жолына шектеу белгісін салу керек. 
5.6.9 Баспалдақтар беттері тайғанауға қарсы жабыннан және кедір-бұдырлы болуы 
тиіс. 
5.6.10 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының жүру жолдарында ашық қосалқы 
баспалдақтардан тұратын баспалдақтарды қолданбау керек. 
5.6.11 Пандустың беті тайғанақ емес, іргелес бетке қатысты қарама-қарсы түспен 
немесе текстурамен анық белгіленуі тиіс. 
5.6.12 Кресло-арбадағы мүгедектерді алып жүрушілер қолданатын лифтілер болуы 
керек. 
5.7 Қоршаған ортаны қорғау
5.7.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау, салу және 
пайдалануға енгізу ластайтын заттар лақтырындысын барынша төмендету, табиғи 
ресурстарды кешенді пайдалану бойынша шараларды, сондай-ақ зиянды лақтырындылар 
мен қалдықтарды ұстау, зиянсыздандыру және кәдеге жарату шараларын жүзеге асыру 
қажет. 
5.7.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалаған кезде қоршаған 
ортаға антропогендік жүктеме ықтималдығын ескеру қажет, сондай-ақ ластанудың алдын-
алу мен жою, қалдықтарды орналастыру шараларын қарастыру қажет. 
5.7.3 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалаған кезде зияны аз, 
сондай-ақ табиғи ресурстарды қоршаған ортаға көңіл аудартпайтын құбылыстарға алып 
келмейтін қайтарымсыз көлемде өндіруге алып келетін заманауи технологияны 
қолдануды қарастыру қажет.
5.7.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде сыртқы 
шу көздерінің шу сипатын, үй-жайларға енетін дыбыс, сонымен қатар құрылыс 
аумағындағы шу деңгейлерін, оларды төмендету үшін талап етілетін шаманы, шудан 
қорғаныс шаралары мен құралдарын таңдауды ескеру қажет, оларды ҚР ҚН 2.04-02 және 
қолданыстағы басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес анықтау керек. 
5.7.5 Белгіленген шекті жол берілген шоғырланымға сәйкес қолайлы атмосфералық 
ауаны сақтауды қамтамасыз ету қажет.
5.7.6 Қоршаған 
ортаға 
ә
серді 
бағалау 
кезінде 
негізгі 
талаптар
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет