Строительные нормы республики казахстан


 Ӛрт қауіпсіздігі бойынша талаптар



Pdf көрінісі
бет10/52
Дата10.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#60849
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
Байланысты:
47 СН РК 3.02-16-2014

5.3 Ӛрт қауіпсіздігі бойынша талаптар
 
5.3.1 Ғимараттың ӛрт қауіпсіздігі мен кӛлемдік-жоспарлық шешімдері «Ӛрт 
қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», «Ғимараттарды, үй-жайларды және 
құрылыстарды автоматты түрде ӛрт сӛндіру және автоматты ӛрт дабылымен, ӛрт кезінде 
адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау 
жӛніндегі талаптардың» техникалық регламенттерінің талаптары мен ӛрт қауіпсіздігі 
жӛніндегі қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес болуға 
тиіс.
5.3.2 Оқушылар, жас техниктер станциялары және жас табиғат зерттеушілер 
станцияларының ғимараттарындағы үй-жайлар ҚР ҚН 2.02-02 талаптары мен 
қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес автоматты ӛрт сигнализациясымен 
жабдықталуға тиіс.
5.3.3 Лагерьдің аумағы ӛртке қарсы бақылаудың жергілікті органдары белгілеген 
нысан бойынша ӛртке қарсы қалқандармен, құралдармен және құрал-жабдықтармен 
қамтамасыз етіледі.
5.3.4 Ғимараттың барлық ӛткелдері, эвакуациялау жолдары мен ғимараттан шығу 
жолдары бос болуы тиіс. Қауіпсіз жерге эвакуациялау жолдары шашыраңқы 
орналастырылуға тиіс.
5.3.5 Газ тәрізді және сұйық отындағы жылыту пештерін пайдаланған кезде 
жарылыс қауіпті жағдайды болдырмау үшін технологиялық жобалау кезінде 
қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарын қатаң сақтау қажет.
5.3.6 Балалардың және жасӛспірімдердің жаппай демалу мекемелерінің ӛрт 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналар қарастырылуға тиіс: 


ҚР ҚН 3.02-16-2014 

а) жобаланатын ғимарат немесе құрылыстан жақын жердегі ғимарат пен құрылыс 
арасындағы ӛртке қарсы алшақтық немесе ара қашықтық; 
б) адамдарды эвакуациялау жолдарында жанбайтын немесе жануы қиын құрылыс 
материалдарын пайдалану; 
в) адамдарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі топтарды эвакуациялау қауіпсіздігі; 
г) эвакуациялау жолының ең тӛменгі қашықтығы; 
д) ӛртті анықтау, ӛрттің шыққаны туралы хабар беру және адамдарды 
эвакуациялауды басқару жүйесі (оның ішінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарын); 
е) автоматты ӛрт сӛндіру; 
ж) түтінге қарсы қорғаныс
к) эвакуациялау жолдарының қажетті мӛлшері, қолайлы орналасуы мен қауіпсіз 
габариттері; 
л) ӛрт сӛндіру техникасының ӛту және келу мүмкіндігі, ӛрт сӛндіру күзеті
бӛлімшесінің қауіпсіз еркін кіруі мен ӛрт сӛндіру құралдарын ӛрт ошағына жеткізу; 
м) ӛртке қарсы сыртқы және ішкі сумен жабдықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет