ҚР ҚН 3.02-07-2014* 30
энергия үнемдеу конструкцияларының үй-жайларындағы микроклиматты тиімді сақтауды
және оларды дайындау кезінде ресурстарды жұмсаумен бірге жаңа технологияларды
пайдалану есебінен экологиялық қауіпсіз болуы керек.
6.1.5 Технологиялық процесс пен үй-жайлар микроклиматы бойынша талаптардың
орындалуы энергия ресурстарының үнемді жұмсалуын қамтамасыз етуді ескере отырып
жүзеге асырылуы керек.
6.1.6 Сыртқы ауаның есептік параметрлерін ҚР ҚН 4.02-01 бойынша алу қажет.
6.1.7 Ғимараттың инженерлік жүйелерінің ауа температурасы автоматты немесе
қолмен басқарылып реттелу керек.
6.1.8 Ғимараттың жылыту жүйелері жұмыс емес уақытында талап етілетін жылу
ағынын азайтуға арналған аспаптармен жарақталуы керек.
6.1.9 Ғимаратқа кіретін негізгі кіреберістердегі ауа-жылу және ауа бүркеніштерін
ҚР ҚН 4.02-01 сәйкес қарастыру керек.
6.1.10 Жобалау кезінде ғимаратты жарықтың түсуіне қарай дұрыс бағыттау керек.
Ғимараттың дұрыс бағдарлануы қыс мезгілінде жылудың табиғи жолмен сақталуына, ал
жаз мезгілінде салқындауына септігін тигізіп, үй-жайлар инсоляциясын қамтамасыз етеді.
6.1.11 Жылудың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ғимараттың қоршау
конструкциялары энергия үнемдейтін материалдардың пайдаланылуымен орындалуы керек.
6.1.12 Ғимараттардың энергия үнемдейтін жылу оқшаулауы мен желдетілуін (мысалы,
ауа қабатшасы бар қабырғалар және шатырлардың жылу оқшаулауы, бір камералы немесе екі
камералы шыны пакеттер, пассивті жылыту және суыту) қамтамасыз ету қажет.
6.1.13 Инженерлік жүйелерде энергия үнемдеу шараларын қолдану қажет (мысалы,
тартылатын ауа жылуын кәдеге асыру).
6.1.14 Ғимараттардың энергетикалық тиімділігін жетілдірген кезде, климаттық және
жергілікті жағдайлар, сондай-ақ үй-жай ішіндегі микроклимат назарға алынып,
экономикалық тиімділік ескерілуі керек. Бұл шаралар ғимараттардың ӛзге техникалық
талаптарына, сонымен қатар олардың жалпыға қолжетімділігіне, қауіпсіздігіне және
мақсатты пайдаланылуына ықпал етуі тиіс.
6.1.15 Ғимараттардың құрылысын жүргізген кезде жылып кетуге, кӛлеңкелеуге жол
бермеу шараларына, жылу қуатының негізделуіне, сонымен қатар ең алдымен,
ғимараттың айналасындағы климаттық жағдайларды және ғимараттың ішіндегі
микроклиматты жақсартатын пассивті суыту технологияларының дамытылуы мен
қолданылуына баса мән беру керек.
6.1.16 Ғимараттарда тиімділігі жоғары балама жүйелердің (техникалық, экологиялық
және экономикалық) орнатылуын қарастыру қажет.
6.1.17 Жүйелік талаптар ең құрғанда, тӛмендегілер үшін техникалық, экономикалық
және функционалдық жағынан тиімді болса ғана қолданылуы керек:
а) жылыту жүйелері;
б) ыстық сумен қамту жүйелері;
в) ауа баптау жүйелері;
г) ірі желдету жүйелері;
д) немесе осы жүйелердің үйлесімі.