Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет10/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65
Байланысты:
3 02 07 2014

ҚР ҚН 3.02-07-2014* 
 

5.2.13 Құрама элементтердің түйіскен бірігулер мен кӛп қабатты конструкциялар 
температуралық деформация мен негіздер біркелкі шӛкпеген кезде туындайтын күштің 
және басқа да пайдаланушылық әсерлердің әсеріне лайықтап есептелуі керек.
5.2.14 Түйіспелерде пайдаланылатын нығыздауыш және герметиктейтін материалдар 
кері әсері бар температуралар кезінде және су тигенде ӛзінің серпімділік және адгезиялық 
қасиеттерін сақтау және ультракүлгін сәуленің әсеріне тӛзімді болу керек. Герметиктейтін 
материалдар жанасқан тұстарда конструкциялардың қорғайтын және қорғайтын-сәндік 
жабындарының материалдарына сәйкес келу керек.
5.2.15 Тексеру, техникалық қызмет кӛрсету, жӛндеу және ауыстыру үшін жабдыққа, 
арматураға және ғимараттың инженерлік жүйелерінің аспаптары мен олардың 
бірігулеріне қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс.
5.3 Ӛрт қауіпсіздігі 
 
5.3.1 Ӛрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жалпы талаптар  
5.3.1.1 Ғимараттарды функционалдық ӛрт қауіпсіздігі кластары, үй-жайлардың 
жарылыс-ӛрт 
және 
ӛрт 
қаупі 
категориялары 
бойынша 
жіктеу, 
құрылыс 
конструкцияларының отқа тӛзімділік шегі «Ӛрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы 
талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес белгіленеді.
5.3.1.2 *Ғимараттарды автоматты ӛрт дабылымен қорғау, автоматты ӛрт сӛндіру 
қондырғыларын орнату, кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару 
«Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде ӛрт сӛндіру және 
автоматты ӛрт дабылымен, ӛрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды 
басқару жүйелерімен жабдықтау жӛніндегі талаптар» техникалық регламентінің талаптарына 
сәйкес кӛздеу қажет (Ӛзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық).
5.3.1.3 Ғимараттар (корпустар) арасындағы ӛткелдердің негізгі ғимаратқа (корпусқа) 
сай келетін қоршау конструкциялары отқа тӛзімділік шегі болуы тиіс. Жаяу жүргіншілер 
мен коммуникациялық тоннельдерді жанбайтын материалдардан жобалау қажет.
5.3.1.4 *Пайдаланылатын шатыр жабындарын, баспалдақтардың, балкондардың сыртқы 
қоршауларын, пайдаланылатын шатырларды, ашық террасаларды жанбайтын 
материалдардан орындау қажет (Ӛзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық).
5.3.1.5 Мектепке дейінгі тәрбие беру және білім беру ұйымдарының ғимараттарын 
тұрғын үйлермен немесе бастауыш мектеп ғимаратымен оқшаулаған уақытта мектепке дейінгі 
тәрбие беру және білім беру ұйымдарының үй-жайларында сыртқа шығатын оқшауланған 
есіктері болу керек, ал басқа мақсаттағы үй-жайлардан эвакуациялау жолдары мектепке дейінгі 
тәрбие беру және білім беру ұйымдарының үй-жайлары арқылы ӛтпеуі тиіс. 
5.3.1.6 Ғимараттардың отқа тӛзімділік дәрежесін ғимараттағы жалпы орын саны 
бойынша алу қажет, ал мектепке дейінгі тәрбие беру және білім беру ұйымдары мен 
жалпы білім беру мекемелерінің арасына ӛртке қарсы қабырға жасалған жағдайда - 
ғимараттың әр бӛлігіндегі орын саны бойынша алу қажет.
5.3.1.7 Мектепке дейінгі тәрбие беру және білім беру ұйымдарына жапсарлас тұрғын 
үйлердің отқа тӛзімділік дәрежесі мектепке дейінгі тәрбие беру және білім беру ұйымдары 
ғимараттарының отқа тӛзімділік дәрежесінен тӛмен болмауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет