5.1 Жалпы ережелер 5.1.1 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды «Ғимараттар мен құрылыстардың,
құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық
регламентінің, «Тұрғын және басқа да үй-жайларды, қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстау мен
пайдалануға
қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар»
санитарлық
ережелерінің талаптарына, осы нормаларға және жобалауға, құрылыс жүргізуге талаптар
белгілейтін басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес салу қажет.
5.1.2 Қоғамдық ғимараттарды жобалаған кезде осы құрылыс нормаларынан басқа
осы норматив таратылатын объектілердің нақты түрлері бойынша қолданыстағы
нормативтік құжаттар талаптарын басшылыққа алу керек.
5.1.3 Қоғамдық ғимараттарды жобалауды сондай-ақ «Балалар мен жасӛспірімдердің
білім беру және тәрбиелеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар», «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар», «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар», «Кӛлік құралдары мен жолаушыларға қызмет кӛрсету
бойынша
объектілерге
қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар»
санитарлық ережелерінің талаптарын ескере отырып жүргізу керек.
5.1.4 Тұрғын ғимараттарға кіріктірме және кіріктірме-жапсарлас қоғамдық
мақсаттағы үй-жайларды жобалаған кезде экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық,
ӛртке қарсы және қолданыстағы тиісті нормативтік құжаттардың басқа да талаптарын
сақтау шартымен ҚР ҚН 3.02-01 басшылыққа алу қажет.
5.1.5 Ғимараттардың сәулеттік шешімдерін құрылыс ауданының қала құрылысы,
ландшафтық, климаттық жағдайларын ескере отырып қабылдау қажет. Ішкі кӛріністі
әрлеуді қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қарастыру қажет.
5.1.6 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды елді мекендердің аумағын жоспарлау
және құрылыстар салу жобасы және басқа да жобалар (болған жағдайда) бойынша
орналастыру қажет.
5.1.7 Шеберханаларды, қоймаларды және жанғыш материалдарды сақтауға немесе
қайта ӛңдеуге арналған басқа да үй-жайларды кӛрермендер және акт залдарының асында,
мектепке дейінгі білім беретін және оқытатын ұйымдар, жалпы білім беру ұйымдары,
стационарлық емдеу мекемелері мен интернат ұйымдарының, мектептерге арналған
интернаттардың, емдеу мекемелерінің жатын корпустары, шипажайлардың жатын
корпустары орналасқан ғимараттардың жертӛлелік және цокольдық қабаттарына
орналастыруға жол берілмейді.
Шаңғы сақталатын орындарды тура жатын үй-жайларының астына орналастыруға
жол берілмейді.
5.1.8 Барлық қоғамдық ғимараттарда, оның ішінде жалпы білім беретін және
мектепке дейінгі объектілерде жылытудың, сумен жабдықтаудың ішкі желілерінде және
бірінші қабат деңгейіндегі едендерде (тӛсемде) канализация тӛсеуге жол берілмейді.
Оларды тӛсеуді техникалық қабатта, еден астында, жертӛледе және инженерлік желілерді