ҚР ҚН 3.02-07-2014* 22
шынықтыру бӛлмелерін («үй бұрышы»), қызметкерлер бӛлмелерін, музыкалық және дене
шынықтыру жаттығулары залдарын, бассейн ваннасы бар залды, бассейн жанындағы
шынығу залын, құрғақ жүзу залдарын, балалар үйірмелері мен секцияларының үй-
жайларын, коммуникациялық-рекреациялық кеңістікті жарықтандыруға жол беріледі.
5.5 Инженерлік қондырғылар 5.5.1 Жылыту, желдету және ауа баптау 5.5.1.1 Қоғамдық ғимараттардағы жылытуды, желдетуді, ауа баптауды және апаттық
түтінге қарсы желдетуді ҚР ҚН 4.02-01 талаптарына және осы бӛлімнің талаптарына
сәйкес жобалау керек.
5.5.1.2 Оларда қызмет кӛрсетілетін басылымдарға кіріктірме жеке жылу пунктінің
бӛлек кіретін есігі бар бӛлек үй-жайларға орналастыру немесе желдету және ауа баптау
қондырғылары тұрған үй-жайлармен біріктіру қажет.
5.5.1.3 Қоғамдық ғимараттардың жылыту жүйелерінің есебін жүргізу үшін үй-
жайлардағы ішкі ауа температурасының есептелген шамасын тиісті ғимараттарға немесе
үй-жайларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарда келтірілген ең тӛмен
температура кӛрсеткіштеріне тең етіп алу қажет.
5.5.1.4 Қоғамдық ғимараттар үй-жайларында жұмыс уақытының басында талап
етілетін параметрлер қамтамасыз етілген жағдайда жұмыс емес уақытында микроклимат
кӛрсеткіштерін азайтуға жол беріледі.
Ауа жинау құрылғыларының лас ауа, газ, су кірмейтін орындарға қойылуын
қарастыру қажет.
5.5.1.5 Қоғамдық ғимараттар үй-жайларында ауаның таралу схемасын ауаның
әрқалай таралуын есептеу негізінде қабылдау қажет.
5.5.1.6 Қоғамдық ғимараттар үй-жайларында тарту ағымының аэродинамикалық
және жылу сипаттамаларын, сондай-ақ келетін ауаның кӛлемі мен температурасы
ӛзгерген кезде, қызмет кӛрсетіліп отырған аймақтың радиусын ӛзгертетін ауа
таратқыштарды қолдану қажет.
Келетін ауаның ең жоғары жылдамдығы акустикалық есеппен және ауаның тарау
есебімен анықталады.
5.5.1.7 Мектепке дейінгі жастағы балалар үнемі болатын үй-жайларда шеттері үшкір
жылыту аспаптарының сыртында аспапты тазалап тұруға мүмкіндік беретін алынбалы
ағаш тор болуы керек.
5.5.1.8 Жалпы білім беру мекемелері оқу үй-жайларынан ауаның ҚР ҚН 4.02-01
талаптарын ескере отырып, рекреациялық үй-жайлар мен санитарлық тораптар, сондай-ақ
сыртқы әйнектелу арқылы эксфильтрациялау есебінен шығуын қарастыру қажет.
Оқу үй-жайларында механикалық немесе орталықтандырылмаған ауа жіберіп
желдетуді жобалаған уақытта сағатына бір мәрте алмасу есебімен табиғи ауаны сорып
желдетуді қарастыру қажет.
Ауалы жылыту кезінде оқу үй-жайларынан тарту арналарын жобалау қаже емес.
5.5.1.9 Оқу үй-жайларының ауамен жылыту жүйелеріндегі ауаның тек жұмыс
уақытынан тыс уақытта қайта циркуляциялануына жол беріледі.