ҚР ҚН 3.02-13-2014* 20
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарда мазмұндалған
талаптарға жауап беруі тиіс. Процедуралық рентген кабинеттеріндегі едендер жабындары
электр оқшаулаушы материалдардан орындалуы тиіс.
5.4.3.6 Рентген кабинеттерінің және электрлік жарықпен емдеу кабинеттерінің
қабырғаларын, арақабырғаларын және едендерін керамикалық плиткамен әрлеуге жол
берілмейді.
5.4.3.7 Офтальмология
кабинеттерінің
жанындағы
қараңғы
кабиналардың
қабырғалары мен төбелері қара күңгірт түсті бояумен жабылуы тиіс.
5.4.3.8 Төбе астындағы инженерлік жүйелерді ажырату талап етілетін, медициналық-
технологиялық процеске байланысты үй-жайларда осы үй-жайлар үшін санитарлық-
гигиеналық нормалардың талаптары бойынша төбелерге бактерияға қарсы және басқа
арнайы қасиеттері бар жабындарды қолдану керек.
5.4.3.9 Әртүрлі конструкциялы аспалы төбелерді қолдануға тек эпидемияға қарсы,
дезинфекциялық режимді, асептика және антисептиканы сақтауды талап етпейтін үй-
жайларда; вестибюльдерде, дәліздерде, холдарда және операциялық, босандыру, таңу,
процедуралық бөлмелерге, палаталарға және осыған ұқсас басқа үй-жайларға тікелей
жанаспайтын басқа қосалқы үй-жайларда жол беріледі. Бұл жағдайда аспа төбелердің
конструкциясы және материалдары оларда жинау және тазалау, дезинфекциялау
мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
5.4.4 Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар 5.4.4.1 Ересектерге арналған амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар 5.4.4.1.1 Стационарлық емес медициналық ұйымдар амбулаториялық-емханалық
және басқа (зертхана, орталықтандырылған зарасыздандыру бөлімдері және басқалар)
болып бөлінеді.
5.4.4.1.2 Амбулаториялық-емханалық ұйымдарға төмендегілер жатады:
- фельдшер-акушерлік пункттер, ауылдық дәрігерлік амбулатория, жалпы
тәжірибедегі дәрігер консультациясы;
- аумақтық емханалар (аудандық, қалалық және басқалары);
- ведомстволық емханалар;
- көп салалы және мамандандырылған медициналық орталықтар;
- мамандандырылған емханалар, оның ішінде стационарлары жоқ диспансерлер.
- қалпына келтіру емдеу орталықтары.
5.4.4.1.3 Емханалардың жоспарлау құрылымы келушілердің: науқастардың,
профилактика бөліміне келушілердің, балалардың, емхана қызметкерлерінің ағымдарын
бөлуге қойылатын талаптарды ескеруі тиіс.
Емхананың ішкі кеңістігін аймақтарға бөлу барысында үй-жайлар мынадай негізгі
топтарға бөлінуі тиіс:
- жалпы;
- емдеу-профилактикалық бөлімше;
- қызметтік және тұрмыстық.