Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет30/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
31 
5.4.6.42 Қан құюда жоғары қажеттілікке ие перзентханаларда, ірі көп салалы 
ауруханаларда, хирургия орталықтарында және басқа емдеу мекемелерінде аутодонор 
орталықтарын (бөлімшелерді) мақсатты түрде қарастыру керек, бұл үй-жайлардың 
құрамы қан құю бөлімімен салыстырғанда қысқартылуы мүмкін. Осы ұйымдарда қан құю 
бөлімдері болған жағдайда, аутодонор қанын тапсыру тікелей қан құю бөлімінде 
жүргізіледі. 
5.4.6.43 Сәуле диагностикасы бөлімін жобалау барысында құрылғының санитарлық 
ережелерін, сәуле диагностика кабинеттерін пайдалануды және медициналық 
рентгенологиялық процедураларды жүргізуді басшылыққа алу керек. 
5.4.6.44 Аурухананың және емханалардың рентгенодиагностикалық кабинеттерін 
инфекциялық, туберкулез және акушер бөлімдерінің жанындағы кабинеттерді қоспағанда, 
сәуле диагностика бөліміне біріктіру керек.
5.4.6.45 Стационар науқастары үшін және емханаға келушілер үшін сәуле 
диагностиканың жалпы бөліміне кіретін есіктер бөлек болуы тиіс. Бөлімде өтетін жол 
болмауы тиіс. 
5.4.6.46 Рентген сәулесін түсіруге арналған рентген кабинетінің процедура 
бөлмесінде жарықтан қорғайтын құрылғылар қарастырылуы тиіс. 
5.4.6.47 Рентген кабинеттерін балаларға және жүкті әйелдерге арналған палаталарға 
іргелес немесе олардың үстіне, сонымен қатар ылғалды процесті үй-жайлар астына 
орналастыруға жол берілмейді. 
5.4.6.48 Жалпы зерттеуге арналған кабинет құрамында процедуралық, басқару 
бөлмесін және фотозертхана қарастыру керек.
5.4.6.49 Процедуралық, көшірме және фотозертханаларға және дәрігер кабинеттеріне 
салқын және ыстық су бар қолжуғыштарды орнату керек. 
5.4.6.50 Сәуле терапиясының бөлімін жеке ғимаратқа немесе емдеу-диагностикалық 
корпустың оқшауланған бөлігіне орналастыру керек. 
5.4.6.51 Қашықтықтан сәулемен емдеу, рентгенотерапия және ішкі қуысты 
аппаратуралық гамма-терапияның процедуралық кабинеттеріне кіретін есік басқару 
бөлмесі арқылы болуы тиіс. 
5.4.6.52 Иондаушы сәулелердің радиоактивті көздерін қабылдау және белгіленген 
белсенділік деңгейіне дейін сақталған радиоактивті қалдықтарды жою үшін жеке сыртқы 
есік қарастыру керек. 
5.4.6.53 Жұмысқа қолданбайтын радиоактивті көздер арнайы алыстатылған 
жерлерде немесе жабдықталған қоймаларда сақталуы тиіс. Қоймадағы радионуклидтердің 
белсенділігі санитарлық паспортта көрсетілген мәндерден аспауы тиіс. 
5.4.6.54 Ашық радиоактивті көздермен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда ыстық 
сумен жабдықтау болуы міндетті. Су құбыры және канализация өнеркәсіптік 
кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормаларына сәйкес орындалуы тиіс. 
5.4.6.55 Сәулемен емдеу бөлімі үй-жайының құрамы мен ауданы жұмыс 
орындарының санына және емдеу мекемесінің түріне байланысты. 
5.4.6.56 
Радиоизотопты диагностика зертханасын жобалау қолданыстағы 
нормативтік-құқықтық актілер және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 
нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес болуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет