Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет36/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
36 
5.4.8.3 Қан орталығының құрамы қуатына байланысты ұйымның ерекшелігіне 
сәйкес анықталады. 
5.4.8.4 Операциялық блок аймағында плазмаферез және оның компоненттерін алу 
процесінде донорлардың қан плазмасын өңдеу жүргізілетін қанды фракциялау аймағын 
белгілеу керек. Осы аймақта бөлінеді: 
- центрифугалауға арналған үй-жай; 
- қанды фракциялау және плазманы ажыратуға арналған бокстар; 
- белгілі температура режимінде компоненттерді сақтауға арналған үй-жай. 
5.4.8.5 Бокстар операциялық блок үй-жайлары болып табылады және аса жоғары 
зарарсыздықты қамтамасыз етуді талап етеді. 
5.4.9 Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканың (медициналық ұйымдар үшін) айналысы саласындағы объектілер
5.4.9.1 Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық 
техниканы (медициналық ұйымдар үшін) қолдану саласындағы объектілер үй-жайлардың 
түрі, қуаты және құрамы «Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ереженің талаптарына сәйкес 
анықталуы тиіс.
5.4.9.2 Дәріханаларды, улы және күшті әсер ететін дәрілерді, сондай-ақ есірткі 
дәрілік құралдарды және психотропты заттарды сақтау үй-жайларын жобалау барысында 
қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жабдықтау керек. 
5.4.9.3 Технологиялық процесс барысына сәйкес рецептуралық бөлмені қызмет 
көрсету бөлмесіне іргелес орналастыру керек. Қызмет көрсету бөлмесін экспедициялық 
бөлмеге жақындату керек. 
5.4.9.4 Жабдықта, жиһаз, керек-жарақта жуғыш және дезинфекциялаушы құралдарға 
төзімді материалдардан орындалған гигиеналық жабыны болуы тиіс. 
5.4.9.5 Зарарсыздандырған материалдарды сақтауға, дәрілік түрлерін асептикалық 
талаптарда дайындауға арналған үй-жайларда құбырлар мен арматураның жасырын 
төсемі қарастырылады.
5.4.9.6 Алғашқы медициналық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек 
көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріханалық пункттер тек медициналық 
ұйымдар жанына немесе олардың аумақтарына орналастырылады: 
а) оқшауланған үй-жайларда; 
б) үй-жай ішіндегі оқшауланған блокқа. Келушілерге қызмет көрсету аймақтары 
негізгі объектіде тиісті алаң болғанда және қолданыстағы нормативтік-құқықтық
актілер талаптарын сақтаған жағдайда, оқшауланған блок үй-жайынан тыс орналасуы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет