Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет44/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
44 
5.5.4.16 Механикалық тартқыштан басқа родон зертханасындағы тарту шкафында 
табиғи желдеткіш болуы тиіс. 
5.5.4.17 Сору-тарту желдеткішінің қондырғысы, ауа беру мен шығару құрылғысы, 
ауа жинау шахталары және арналар тексеру, тазалау және дезинфекциялау үшін 
қолжетімді болуы тиіс.
5.5.4.18 Желдету жүйелерін (ауа баптау жүйелері) және ауа өткізгіштерді таңдау, 
орналастыру және монтаждау кезінде ҚР ҚН 2.04-02 және ҚР ҚН 4.02-01 талаптарын 
сақтау керек. 
5.5.4.19 Жалпы алмасатын сору-тарту желдеткішінің болуына байланысты барлық 
үй-жайларда жеңіл ашылатын желкөздер және фрамугалар; тарту шкафтары және тіс 
протезі бөлімдерінде механикалық тартқыштары бар жергілікті сорғыштар қарастырылуы 
тиіс. 
5.5.4.20 Тамақтану блогынан келетін тарту ауа өткізгіштері науқастар және 
қызметкер болатын үй-жайлар арқылы өтпеуі тиіс. 
5.5.4.21 Терезе ойықтарынсыз жобаланған, ғимараттың жоғарғы қабаттарында 
орналасқан дәріхана бөлмелерінде ауа алмасуды үдету үшін тарту арнасында габарит 
шағын тарту желдеткішін орнатуды қарастыру керек. 
5.5.4.22 Ауа алмасу дүркінділігі берілген тазалықты қамтамасыз етуге және ауаның 
газ құрамын сақтай отырып таңдалады. 
5.5.5 Газбен қамту 
5.5.5.1 Ішкі желілерден газбен қамтуды орталық дайындау, тамақты дайындау 
қызметінің үй-жайларында, жеке тұрған ғимараттарға орналастырылған сүт 
асханаларында және зертханаларында, қазандықтарда, қоқыстар мен қалдықтарды өртеуге 
арналған пештерде, дәріханаларда, сондай-ақ тіс техникалық зертханаларда қарастыру 
керек. 
5.5.5.2 Газдың есептік шығыны емдеу-профилактикалық мекемелер саласына 
байланысты анықталады. 
5.5.6 Электр техникалық құрылғылар 
5.5.6.1 Сәуле диагностика (магнитті-резонанстық және компьютерлік томографтар, 
ангиографтар, рентгенологиялық сандық қондырғылар) бөлімдері, клинакалық-
диагностикалық бөлімдері және микробиологиялық зертхана, ультрадыбыстық 
диагностика бөлімінің жоғары технологиялық қондырғылардағы үздіксіз қуаттандыру 
көздерін қарастыру керек. 
5.5.6.2 Электр қондырғылар Электер қондырғыларды орнату ережесіне сәйкес электр 
қауіпсіздіктің заманауи тұжырымдамасына жауап беруі тиіс. 
5.5.6.3 
Емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі жасанды жарықтандыруды
ҚР ҚН 2.04-01 сәйкес жобалау керек. 
Табиғи және жасанды жарықтандыру деңгейі қолданыстағы нормативтік құжаттарға 
сәйкес болуы тиіс. 
5.5.6.4 Негізгі үй-жайларда табиғи жарықтандыру болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет