ҚР ҚН 3.02-13-2014* 25
- пациенттердің қозғалыс кестесін ұлғайту.
5.4.5.3.7 Көптеген пациенттерде сырт келбетінде кемістіктер бар (дерматология, бас
сүйек-бет хирургиясы және басқалар) бөлімдер қатарында тұйықтық иллюзиясы, сырт
көздің бақылауынан оқшаулау қарастырылуы тиіс.
5.4.5.3.8 Ортопедиялық-травматологиялық бөлімдерде және ортопедтік және
неврологиялық саласын қалпына келтіру емдеу бөлімдерінде, кардиология бөлімдерінде,
эндокринология, инфаркт бөлімдерінде:
- тұтқыш құрылғысын палаталарда және дәліздерде, емдеу кабинеттерінде қарастыру
керек;
- қондырғыны кресло-арбадағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды ескере отырып
орналастыру керек;
- санитарлық тораптарды кресло-арбамен жүретін науқастардың қолдану
мүмкіндігімен арнайы көтергіштері бар ваннамен жобалау керек.
5.4.5.3.9
Барлық бөлімдер дәліздерінде каталкаларға арналған босатқыш
құрылғысын қарастыру керек.
5.4.5.3.10 Психиатриялық бөлімдер науқастары тұратын үй-жайлардағы терезелер
сталинитпен әйнектелуі тиіс, палаталарда қолжуғыштар орнатылмайды, жуыну бөлмелері
қарастырылады. Үй-жай есіктері арнайы тиектермен жабдықталуы тиіс. Санитарлық-
техникалық қондырғыларда шығып тұрған бөліктер болмауы тиіс, ал санитарлық-
техникалық арматура науқастарға қолжетімсіз болуы тиіс. Жылыту аспаптары ретінде
жылыту панельдерін қарастыру керек. Шамдарды тек төбеге жабық түрінде орнату керек.
5.4.5.3.11 Палаталық бөлімдер үй-жайын «Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесін және
қолданыстағы нормативтік құжаттарды ескере отырып қарастыру керек.
5.4.5.4 Перинаталдық орталық, перзентханалар мен босану бөлімдері 5.4.5.4.1 Жеке перинаталдық орталық, перзентхана құрамына босану мен
гинекологиялық
бөлімдер,
әйелдер
консультациясы,
сондай-ақ
клиникалық-
диагностикалық зертхана, рентген бөлімі, функционалдық диагностика бөлімі, орталық
зарарсыздандыру бөлімі, дәріхана, қосымша қызметтер (тамақтану блогы, кір жуу,
дезинфекциялау бөлімі), қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар кіреді.
5.4.5.4.2 Аурухана құрамына кіретін акушерлік-гинекологиялық бөлімдер аурухана
қызметтері: клиникалық-диагностикалық зертхана, рентген бөлімі, функционалдық
диагностика бөлімі, орталық зарарсыздандыру бөлімі мен қосымша қызметтер.
5.4.5.4.3 Тиісті негіздеме кезінде перинаталдық орталық, перзентхана құрылымына
гинекологиялық бөлім кіруі мүмкін. Бұл жағдайда оны жеке блокқа немесе жеке қабылдау
бөлімі бар ғимарат бөлігіне орналастыру керек.
5.4.5.4.4 Босану бөлімдерін және перзентханаларды жобалаудың сәулеттік-
жоспарлық ерекшеліктері төмендегідей үй-жай топтарына бөлінуі тиіс:
- қабылдау;
- босану бөлімі;
- ана мен баланың бірлесіп келу;
- шала туған және науқас балаларға арналған;