Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет20/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

5.4.4.3 Әйелдер консультациясы 
5.4.4.3.1 Әйелдер консультациясы емхананың жеке ғимаратында орналастырылуы 
мүмкін.
5.4.4.3.2 Жеке ғимараттарда орналасқан әйелдер консультациясы үшін дербес жер 
телімін қарастыру керек.
5.4.4.3.3 Әйелдер консультациясының қуаттылығы адамдардың бір күндегі келу 
санымен анықталады.


ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
22 
5.4.4.3.4 Емхана құрамына кіретін әйелдер консультациясы оқшау орналаспауы тиіс.
5.4.4.3.5 Мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық тексеру, диагностика және 
сирек кездесетін патологиясы бар әйелдерді емдеу үшін жеке кабинеттер қарастырылады.
5.4.4.3.6 
Балалар 
мен 
жасөспірімдерді 
қабылдауға 
арналған 
кабинетті 
мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық қабылдайтын басқа кабинеттерден жеке, 
оқшауланған аймаққа орналастыру керек.
5.4.4.4 Дәрігер амбулаториясы, фельдшер-акушерлік пункттер, медициналық 
пункт 
5.4.4.4.1 Дәрігер амбулаториясы учаскесінің аумағында ересектер мен балаларға 
арналған аймақтарды белгілеу керек. Балалар бөлімінің кіреберісінде балалар арбасына 
арналған шатыр бар алаң жабдықталуы тиіс. 
5.4.4.4.2 Амбулаторияның балалар бөліміне келесілер кіреді: 
- дәрігер-педиатр кабинеті және оған жалғаспалы үй-жайлар; 
- балаларды қабылдауға және тексеруге арналған фильтр-бокс. 
Фильтр-бокста сыртқа шығатын есік болуы тиіс және тікелей процедуралық 
кабинетпен байланысты болуы керек. 
5.4.4.4.3 Қуаттылығы әртүрлі дәрігер амбулаториясының үй-жайын, сондай-ақ 
фельдшер-акушерлік пунктті «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің және қолданыстағы нормативтік 
құжаттар талаптарын ескере отырып қарастыру керек.
5.4.4.4.4 Фельдшер-акушерлік пункттерді бір немесе бірнеше елді мекендерге 
қызмет көрсетуді ескеру арқылы орналастыру керек. 
5.4.4.4.5 Фельдшер кабинетінің жанында дәріхана пунктін қарастыру керек. 
5.4.4.4.6 Фельдшер-акушерлік пункт үй-жайының құрамына мыналар кіруі тиіс: 
фельдшер кабинеті, акушер кабинеті, вестибюль (күту аймағы), процедуралық-таңу, екпе 
кабинеті, тексеру, зарасыздандыру кабинеттері, шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар, 
санитарлық торап. 
5.4.4.4.7 Медициналық пункттерді елді мекендерге қызмет көрсетуді ескеру арқылы 
орналастыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет