Строительные нормы республики казахстан


 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет8/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

 
4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР 
 
4.1 Нормативтік талаптардың мақсаты
Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты адамдардың 
өмірін, денсаулығын қорғау мақсатында емдеу-профилактикалық мекемелерінің 
ұйымдарын ұйымдастыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өрт, санитарлық-
гигиеналық, 
эргономиялық 
талаптарды, 
конструкциялардың 
сенімділігі 
мен 
орнықтылығын, қоршаған ортаны қорғауды, энергетикалық тиімділікті, ресурсты 
үнемдеуді ескере отырып, адамдарды емдеу, олардың келуі үшін барлық қажетті үй-
жаймен қамтамасыз етілген емдеу-профилактикалық мекемелерін жобалау мен салу 
болып табылады. 
4.2 Функционалдық талаптар 
4.2.1 Емдеу-профилактикалық мекемелері, оның элементтері, негіздері және 
көтергіш конструкциялар құрылыс, реконструкция немесе пайдалану кезінде сыналуы 
мүмкін болжамдық әсерлер тіркесіміне төзімді болуы тиіс. 
4.2.2 Емдеу-профилактикалық мекемелері өрт ошағын ерте анықтау, адамдарға 
хабарлау, қауіпсіз эвакуациялау, оның ішінде халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына 
жағдай жасау, өртті барынша қысқа мерзімде оқшаулау бойынша шараларды қамтамасыз 
ете отырып жобалануы және салынуы тиіс. 
4.2.3 Емдеу-профилактикалық 
мекемелері 
механикалық, 
өрт, 
санитарлық-
гигиеналық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ энергия үнемдеу бойынша талаптарды 
сақтай отырып салынуы тиіс. 
4.2.4 Мекемелердің көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдері оның 
арналуына, қажетті құрамына және жеке үй-жайлардың параметрлеріне сәйкес келуі, 
ғимаратта өтіп жатқан емдеу процесі үшін ең жақсы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс. 
Мекемелерде адамдарды емдеу, келуі немесе өзге де қызметтер үшін қауіпсіз жағдай 
қарастырылуы тиіс. 
4.2.5 Емдеу-профилактикалық мекемелерінде үй-жайдың қажетті температурасын 
және ауа ылғалдылығын, олардың тазалығын, дыбыстық және көру қолайлылығын, 
инсоляцияны, үй-жайдың табиғи жарықтығын және т. б. сақтауды қамтамасыз ететін 
шаралар қарастырылуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет