Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет9/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
11 
4.2.6 Мүмкіндігі шектеулі топтардың мақсатты келу орындарына қолжетімділік пен 
мекемелердің ішінде және олардың аумақтары бойынша кедергісіз жүруі қамтамасыз 
етілуі қажет. 
4.2.7 Емдеу-профилактикалық мекемелері қажетті инженерлік қондырғылармен 
(лифтінің, жылыту жүйесі мен желдеткіштің, су құбырының, канализацияның және т. б. 
болуы) жабдықталуы тиіс. 
4.2.8 Қоршаған ортаға немесе адам ағзасына зиянды әсерлерді жоюдың экологиялық 
талаптарын сақтау, сондай-ақ ғимаратты пайдалану немесе реконструкциялау кезінде 
құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігін қарастыру керек. 
4.2.9 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және энергия тұтынуды үнемдеу, емдеу-
профилактикалық мекемелерін жобалау, салу және пайдалану кезінде жылу шығынын 
азайту бойынша талаптарды ескеру қажет. 
4.2.10* Емдеу-сауықтыру мекемелерін жобалау кезеңінде объектінің Қазақстан 
Республикасының террористік тұрғыдан осал, объектілері тізіміне жататынын анықтау 
және объектінің терроризмге қарсы қорғаудың тиісті жүйесін жасау үшін Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысымен бекітілген 
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын 
талаптарға сәйкес шаралар қабылдау қажет 
(Толықтырылды – ҚТҮКШІК 15.11.2018 ж. 
№235-НҚ бұйрық)

5 ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
 
5.1 Негізгі ережелер 
5.1.1 Емдеу-профилактикалық мекемелерді «Халық денсаулығы және денсаулық 
сақтау жүйесі туралы» кодекстің, 
«
Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс 
материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық 
регламентінің, 
«Денсаулық 
сақтау 
объектілеріне 
қойылатын 
санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесінің талаптарына және жобалауға, салуға 
және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін басқа да нормативтік-техникалық 
құжаттарға сәйкес жобалау керек.
5.1.2 Емдеу-профилактикалық мекемелерін жобалауды барлық: конструктивтік, өрт, 
санитарлық-эпидемиологиялық, электр қауіпсіздік және т. б. қауіпсіздік жүйелерін ескере 
отырып жүзеге асыру керек. 
Ғимараттардың қауіпсіздік жүйелері бөлімшелер ішіндегі және олардың арасындағы 
функционалдық өзара байланысты бұзбайтындай жобалануы тиіс. 
5.1.3 Емдеу-профилактикалық 
мекемелерінің 
ғимараттары 
жобалық 
құжаттамасының құрамы және оны әзірлеу тәртібі ҚР ҚН 1.02-03 талаптарына сәйкес 
келуі тиіс. 
5.1.4 Емдеу-профилактикалық мекемелер ғимараттарын жобалаған кезде қоғамдық 
ғимараттар мен құрылыстарға берілген қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар 
талаптары сақталуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет