Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет16/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102
Байланысты:
СН РК 3.02-13-2014 12.04.2023

ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
18 
5.4.2.6 Ғимараттың төменгі қабаттарына палаталарды, операциялық блоктарды, 
реанимация бөлімдерінің немесе босандыру бөлімдерінің палаталарын орналастыру 
кезінде олардың үстіне шатыр немесе техникалық қабат қарастырылады. 
5.4.2.7 Оқшауланған ауа режимін жасау үшін палата секцияларына, оперблоктарға, 
реанимация бөлімдеріне және зерттеуге арналған зерттеу аймағына (зертхана) кіретін тік 
коммуникацияларды (баспалдақтар мен лифтілер) шлюздермен жабдықтау керек. 
5.4.2.8
Иондаушы сәуле көздерімен жұмыстар жүргізілетін үй-жайларды жүкті 
әйелдер мен балаларға арналған палаталармен іргелес (көлденеңінен және тігінен) 
орналастыруға жол берілмейді. 
5.4.2.9 Ортопедиялық, неврологиялық, нейрохирургиялық бөлімдер науқастарына 
арналған дәретхана кабинасының көлемі ҚР ҚН 3.06-01 сәйкес қарастырылады. 
5.4.2.10 Емдеу-профилактикалық мекемелерге арналған санитарлық-тұрмыстық үй-
жайлар ҚР ҚН 3.02-08 талаптарына сәйкес келуі тиіс. 
5.4.2.11 Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитаздар санына тең болуы тиіс. 
5.4.2.12 Дәрігерлердің барлық кабинеттерінде және медбикелер мен көмекші 
медбикелер бөлмелерінде салқын және ыстық су келетін қолжуғыштар орнатуды 
қарастыру керек. Операция алдындағы, таңу, процедуралық кабинеттерді, реанимация 
залдарын және палаталарды, босандыру залдарын, жаңа туылған нәрестелер 
палаталарының жанындағы медбикелердің орындарын және ерекше режимді талап ететін 
басқа үй-жайларды араластырғышы бар білек немесе жанаспайтын шүмекті қондырғысы 
бар қолжуғыштармен жабдықтау керек. 
5.4.2.13 
Инфекциялық, туберкулез, тері-венерологиялық бөлімдерге бокс 
шлюздеріне, жартылай бокстарға және қызметкерге арналған дәретханаларға білек немесе 
жанаспайтын шүмекті қолжуғыштарды орнату, сонымен қатар барлық дәретханаларға 
шаю бөшкелеріне арналған басқыш түсіргіштерімен жабдықтау керек. 
5.4.2.14 Жаңа туған нәрестелерге арналған палаталарға үлкен раковина орнату керек. 
5.4.2.15 Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар ұйым ғимаратының 
шығаберісіне тікелей жақын орналасуы керек және шығаруға арналған қолайлы кірме 
жолдар болуы тиіс. 
5.4.2.16 Емдеу-профилактикалық мекемелері үй-жайларында табиғи және жасанды 
жарықтандыру болуы тиіс, оның деңгейін ҚР ҚН 2.04-01 және қолданыстағы нормативтік 
құжаттарға сәйкес технологиялық талаптарға (көру жұмысының сипаттамаларына 
байланысты) сәйкес қабылдау керек.
5.4.2.17 Емдеу-профилактикалық мекемелер палаталарының терезелерін жарық 
жақтары бойынша бағдарлауды қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын 
талаптарға сәйкес қабылдау керек. 
Басқа емдеу-профилактикалық мекемелер үй-жайлары мен дәріханалар терезелерін 
жарық жағына байланысты бағдарлау керек. 
5.4.2.18 Ауруханалар мен диспансерлердің палата бөлімдерінің дәліздерінде шетжақ 
және бүйірлік табиғи жарықтандыруды қарастыру керек. 
5.4.2.19 Психиатриялық ауруханаларда науқастар келетін үй-жайлардағы терезе 
жақтаулары сынбайтын жарық мөлдір материалдармен толтырылуы тиіс. 
5.4.2.20 Емдеу-профилактикалық мекемелер үй-жайларының инсоляция нормалары 
қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келуі тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет