Строительные нормы республики казахстан


 Негізгі есептік ережелер



Pdf көрінісі
бет22/61
Дата31.12.2021
өлшемі1,16 Mb.
#22318
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61
 

5.6 Негізгі есептік ережелер 

 

5.6.1  Бетон  және  темірбетон  конструкциялар  жүктемелер  мен  әсерлердің  барлық 



үйлесімі  кезінде  бірінші  топтың  шекті  жағдайы  бойынша,  ал  екінші  топтың  шекті 

жағдайы бойынша – тек жүктемелер мен әсерлердің негізгі үйлесімі кезінде ғана есептеу 

талаптарын қанағаттандыруы тиіс. 



ҚР ҚН 3.04–02–2014 

 

10 


5.6.2  Шекті  жағдай  бойынша  есептеуді,  әдеттегідей,  конструкцияны  салу, 

тасымалдау, монтаждау және пайдаланудың барлық кезеңдерінде жүргізу керек. 

5.6.3 Бетон конструкцияларды: 

-  бірінші  топтың  шекті  жағдайы  бойынша  –  беріктік  пен  төзімділік  есебіне  сәйкес 

конструкцияның орналасқан орны және пішінінің төзімділігін тексеру арқылы беріктікке; 

-  екінші  топтың  шекті  жағдайы  бойынша  –  сызаттардың  пайда  болуы  бойынша  – 

температуралық, ылғал және сейсмикалық әсерлер есебіне сәйкес есептеу қажет. 

5.6.4 Темірбетон және болат темірбетон конструкцияларды есептеу керек: 

-  бірінші  топтың  шекті  жағдайы  бойынша  –  конструкцияның  орналасқан орны  мен 

пішінінің  төзімділігін  тексеру  арқылы  беріктік  бойынша  беріктік  пен  төзімділік  есебіне 

сәйкес көп рет қайталанатын жүктеме кезіндегі төзімділік бойынша; 

-  екінші  топтың  шекті  жағдайы  бойынша  –  құрылысты  қалыпты  пайдалану  шарты 

бойынша  сызаттардың  пайда  болуына  жол  берілмеген  жағдайда,  сызаттардың  пайда 

болуы  бойынша  (сызаттарға  төзімді  конструкциялар)  немесе  сызаттардың  ашылу 

шамаларын  шектеу  бойынша  (сызаттарға  төзімді  емес  конструкциялар)  және  жылжу 

шамасы  сызаттардың  пайда  болуын  және  ашылуын  есептеуге  сәйкес  конструкцияларды 

және  онда  орналасқан  механизмдерді  қалыпты  пайдалану  мүмкіндігін  шектеуі  мүмкін 

жағдайларда деформациялар бойынша. 

5.6.5  Болат  темірбетон  конструкцияларды  жобалаған  кезде  тасымалдау,  монтаждау 

және  құрылыс  жүктемелер  әсеріне  (арнайы  әзірленген  нормативтік  құжаттарға  сәйкес) 

металл қаптаманың және табақты арматура мен бетонның бірінші топтың шекті  жағдайы 

бойынша бірлескен жұмысын қамтамасыз ететін анкерлер беріктігін есептеу қажет.  

5.6.6  Құрама-монолиттік  конструкцияларды,  сонымен  қатар  көтергіш  арматурасы 

бар конструкцияларды конструкция жұмысының екі кезеңі үшін есептеу керек: 

- конструкцияны қолдану орнына салынған бетон берілген беріктікті алғанға дейін – 

осы бетонның меншікті салмағы әсеріне және құрылысты  салудың осы кезеңінде әрекет 

ететін басқа жүктемелер әсеріне; 

- конструкцияны қолдану орнына салынған бетон берілген беріктікті алғанға дейін – 

конструкцияны пайдалану кезінде әсер ететін жүктемеге, оның ішінде меншікті салмақ. 

Беріктікке есептеуге салынатын күштер мен кернеулерді қоспай, екі кезең бойынша 

жеке-жеке есептік жүктемелерге жүргізіледі. 

5.6.7  Бөгеттер  негізіне  анкерленген  І  және  ІІ  класты  құрылыстар  үшін 

конструкцияларды  есептеу  арқылы  анкерлік  құрылғылардың  көтергіш  қабілетін,  бетон 

және  анкердегі  кернеу  релаксациясын  анықтау  үшін  тәжірибелік  зерттеулерді  жүргізу 

керек. Анкерлерді  тоттанудан  қорғау шараларын қарастыру қажет. Алдын ала кернелген 

конструкциялар  үшін  жобада  анкерлерді  немесе  оларды  алмастырушыларды  қайтадан 

керу,  сонымен  қатар  бетондағы  анкерлер  күйін  басты  бақылауды  жүргізу  мүмкіндігін 

қарастыру қажет.  

5.6.8  Құрама  конструкциялар  элементтерін  көтеру,  тасымалдау  және  монтаждау 

кезінде  туындайтын  күштерге,  элементтің  өз  салмағынан  түсетін  жүктемеге  есептеген 

кезде бетон және темірбетон конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптар бойынша 

белгіленген динамикалық коэффициенттермен есептеуге енгізу қажет. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет