Саяхатшылардың жасына байланысты туризмнің түрлері. Туризм нысандарын жіктеу кезінде саяхатшылардың жасы да ескеріледі. Жас шкаласына сәйкес келесі топтар анықталған туристер: ата-аналарымен саяхаттаған балалар; жастар (15-24 жас аралығындағы туристер); 25-44 жас аралығындағы салыстырмалы түрде жас, экономикалық белсенді адамдар; орта жастағы экономикалық белсенді адамдар (45-64 жас) (саяхаттау, әдетте, балаларсыз); зейнеткерлер (65 жастан асқан).
Көлік құралдарына байланысты туризм формалары. Туристерді бір жерден екінші жерге көшіру үшін қолданылатын көлік құралына байланысты туризмнің келесі түрлері бөлінеді: әуе туризмі, автобус, темір жол, автомобиль және теңіз.
Жыл мезгіліне байланысты туризмнің түрлері. Жыл мезгіліне байланысты қыс пен жаз ерекшеленеді.
Туристік жорық, туристік жорықтар көбінесе ауылды жерлермен немесе тұрғылықты халқы сирек аймақтарда белгілі бір мақсатпен жаяу жүріп саяхат шегу: танып-білу, сауықтыру, спорт, оқулық және жаттықтырушылық мақсатында туристік жорықтар ұзақтық мерзіміне қатысты (1-2 күндік немесе кеп күндік), жүру әдістері туристік түрлеріне, бағытына, мысалы, жаяу немесе шаңғымен жүру, таулы өңірге саяхат, сумен, велосипедпен , автомашинамен жүруге арналған саяхаттар, спелеожорықтар, сонымен қатар белгілі қиындық дәрежелері бойынша саяхат жасау. Туристік жорықтың басқапардан айырмашылығы - табиғи кедергілерден міндетті түрде өту сипатына қатысты. ҚР-сы аумағында туристік жорықтарын ұйымдастырудың ережесі. ҚР-ның туристік және спорт миннистрлігінің 29.07.93 ж. N 6-2 бұйрығына сейкес бекітілген. Қазақстан аумағында спорттық және көпшілікке арналған жорықтар мен экспедицияларды ұйымдастырудың тәртібі бар.
Жаяу туризм – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар.Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді,кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады.Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск және демалыс күндерінде өткізілуі мүмкін. Жаяу туризм - спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты ретінде маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту болып табылады.
Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет.Әсіресе маршруттың қиын әр түрлі бөліктерін (асулар,тасты және тасқын қаупі бар,өзендер арқылы асулар,үлкен биіктіктегі орындар,азимутты,қоныстанылмаған,қиын бағыт алынатын) бөліп көрсету және оларды жеңіп өтудің толық жоспарын құру керек.Күндізгі жүру километражын есептеу орташа бүкіл маршрутқа есептелетіп жүргізіледі,ол маршруттың жеке бөліктерінің техникалық күрделіліктерін,азық-түліктерді жұмсауға байланысты жеке кезеңдерде рюкзактардың салмағын есепке алына жүргізіледі.Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есепке ала отырып,алдын ала барлық азимуттарды есептеу қажет.Азимуттар карта нақты көрсетілген және жергілікті жерде оңай табылатын орындардан басталуы және жергілікті жер линиясына (өзен арнасы,көл,теңіз жағалауы,теміржол жолы,тау массиві) негізделген болуы тиіс.Жергілікті жер нүктесіне азимут бойынша шығуды жоспарлау ұсынылмайды,себебі кішігірім қателіктің өзі апатты жағдайға әкелуі мүмкін.
Ұзақ уақыт бойы айтарлықтай қашықтықтарды жүріп өтетін турист ағзасының дұрыс қызметі үшін демалумен ауысып келіп отыратын бірқалыпты жұмыс қажет.Ағза жұмысының белгілі бір реттілігін құрып отыратын демалыс пен күш жұмсаудың дұрыс ауысып отыруы бүкіл жорық бойы және тіпті қозғалыс процесінің өзінде де болуы тиіс.Тек осылай болған жағдайда ғана жаяу туризмі маңызды сауықтыру құралына айналады