Оқыту қағидалары. Қағида – бұл жалпылау және абстракциялау жолымен құбылыстар шығарылған саладағы барлық құбылыстарға қолданылатын негізгі ереже. Дидактикалық қағидалар өскелең ұрпақты оқыту ісіне және оларды қоғам өміріне қатысуларына дайындауда басшылыққа алынатын негізгі ережелер деп түсіндіріледі. Педагогикалық тәжірибеде қағидалар бағдар рөлін атқарады және барлық оқу пәндері үшін әмбебап болып табылады. Ақыл-ой бұзылыстары бар балаларды оқыту қағидаларын жасауға Э. Сеген, В.П. Кащенко, Л.С. Выготский, А.Н. Граборов, Г.М. Дульнев, И.Г. Еременко және басқалар үлес қосты.
Қалыпты дамушы балалар мен жасөспірімдер сияқты интеллектуалдық дамуының бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу негізіндегі қағидалар бірдей, олар екі жағдайда әртүрлі жүзеге асырылады. Бұл – тәрбиелік және дамытушылық оқытудың, өмір арқылы оқыту байланысының, ғылымилық пен қол жетімділіктің, жүйелілік пен реттіліктің, саналылық пен белсеңділіктің, көрнекіліктің, оқыту нәтижелері беріктігінің, оқытудың ұжымдық сипаты мен оқушылардың жеке ерекшеліктерінің қағидалары. Сонымен қатар, тек интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерді оқытуда ғана пайдаланылатын арнайы дидактикалық қағидалар бөлініп көрсетіледі. Оларға оқытудың түзетушілік бағыттылығының, еңбектік оқытудың кәсіби сипатының, жалпы білім беру және еңбек дайындығының өзара байланысының, сақталған анализаторларға негізделіп жасалған қағидаларын жатқызуға болады.
Оқытудың жалпы қағидалары Тәрбиелік және дамытушылық оқытудың қағидасы оқушыларда мақсатты түрде дүниетанымдық және адамгершілік негіздерін қалыптастырудың, әрбір баланың тұлғасын дамытуға ықпал етудің қажеттілігін білдіреді. Арнайы (түзету) мектепте оқушыларды дұрыс міңез-құлық дағдыларына тәрбиелейді, олардың бойына адамгершілік түсінігін, адамгершілік 13 сезімдерін қалыптастырады. Интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушылардың болашақ өмірі үшін олардың еңбекке деген дұрыс қарым-қатынасын, еңбек және оқу ұжымдарында жүріс-түріс дағдыларын, олардың қоғам алдыңдағы міндеттері жайында түсінік қалыптастыру олардың кәсіпті меңгеруі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Специальная педагогика/Под ред. Н.М.Назаровой-М.-2001