Бөж1
Эссе
Тақырып: Студенттердің кәсіби дамуындағы «Қоғамға қызмет» пәнінің рөлі
Қазіргі таңдағы қоғамда жастардың белгілі бір бөлігінің ұлттық сана-сезімі мен ділінің, азаматтығы мен патриотизм деңгейінің құлдырауы байқалуда. Рухани құндылықтардың орнына материалдық құндылықтар келіп, басымдық танытуда. Іс жүзінде осының барлығы жастардың маңызды азаматтық міндеттерді еш жауапкершіліксіз, немқұрайлы атқарып, әлеуметтік жетесіздік пен рухсыздыққа бой алдыруынан айқын аңғарылады. Жастар арасында сан алуан діни көзқарастардың белең алуы; кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстың өсуі; маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық; өзіне қол жұмсау жағдайларының көбеюі өзекті мәселе болып тұр.
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, білім алған, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады.
Жалпы Қоғамға қызмет пәнінің мақсаты – түрлі жобаларды іске асыру арқылы білім алушылардың сана сезіміне адамгершілік, қоғамға қажеттілік, қайырымдылық сияқты адами құндылықтарды ұялату, студенттердің өмірге деген белсенді ұстанымын қалыптастырады.Жаңа айтып өткендей жоба арқылы студенттер қоғамның әлеуметтік мәселелерін көріп, шешу жолдарын үйренеді әрі әлеуметтік мекемелерде іс-тәжірибеден өтеді. Яғни, білім алу барысында студенттер қоғамға қызмет етуді оқиды және қарттар үйінде, мүгедектер үйінде, сондай-ақ, басқа да әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануды үйренеді.Жалпы айтқанда қоғамға қалай жәнеде дұрыс қызмет етуде тәжірибе жинайды
Орындаған:Изиханов Алимжан
Достарыңызбен бөлісу: |