«Студенттердің кәсіби идеалын таңдау пәндері арқылы қалыптастыру» МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ................................................................................................................... 1. СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ИДЕАЛЫН ТАҢДАУ ПӘНДЕРІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.............................................................................................................. 1.1 Студенттердің кәсіби идеалын қалыптастыру жүйесінің философиялық, психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде зерделенуі..................................
1.2 «Кәсіби идеал» , “Идеал”, “Кәсіби бағыттылық” ұғымдарының мәні мен мазмұны......................................................................................................................
1.3 Болашақ педагогтардың кәсіби идеалын қалыптастыру жүйесінің мазмұндық-құрылымдық моделі ............................................................................
2. СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ИДЕАЛЫН ТАҢДАУ ПӘНДЕРІ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ........................................ 2.1 Таңдау пәндер арқылы студенттердің кәсіби идеалын арттыру мүмкіндіктері ..................................................
2.2. Кәсіби идеал қалыптастыру үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер..
2.3. Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижелері..................................
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................... ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................. ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................... Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстандағы болып жатқан жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдайлар білім беру жүйесінде міндеттерді шешудің тиімді тәсілдерін іздестіру қажеттілігін тудырып отыр. Білім беру сапасын арттыру Қазақстанның ғана емес дүниежүзілік қоғамдастықтың өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің шешуі білім беру мазмұнын модернизациялауды, білім беру үрдісін ұйымдастыру тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой–елегінен өткізуді талап етеді.
Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім–тәрбиесіне, сана–сезіміне, дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың еншісінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Ал педагог мамандарын дайындайтын ЖОО дары осы талаптарды қанағттандыра алады ма? Бүгінгі таңда педагог маманына сұраныс жоғары. Жай педагог емес кәсіби толық жетілген, өз ісінің хас шеберлері қоғамның сұранысына ие. Кәсіби толық жетілген маман дайындауда білім ордаларына үлкен жауапкершілік артылады.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық сана, бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, т.т. көптеген мәселелер қарастырылған. Елбасы «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек... Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген [1]. Шыныменде, әрбір елдің болашағы жастардың қолында. Жас ұрпақ бәсекеге қабілетті, білім мен ғылымды ұштастыра алатын, заман талабынан қалыспайтындай дәрежеде болуы қажет. “Мен жастарға сенемін!” деп М.Жұмабаев атамыз жырлағандай, жастарымызға үлкен сенім артылып отыр. Жастары білімді елдің келешегі кемел болмақ. Елбасымыз әр жолдауында білім саласына баса назар аударатыны да сол себептен. Қазіргі таңда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндіктер жасалып отыр. Осы мүмкіндіктерді оң пайдаланып, жастарымыз өз білімдерін дәлелдейді деп сенемін.
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.»- деп атап көрсеткен болатын [2]. “Алты алаштың баласы бас қосса, төр-мұғалімдікі”[] деп ұстаз мәртебесін Мағжан атам айқындап бергендей. Расында қай кезде де ұстаздың мәртебесі биік болған. Себебі, адам баласын біліммен сусындатып, өмірде өз орнын табуға көмектесетін дәл осы ұстаздарымыз. Білімді ұрпақты тәрбиелеу мен қалыптастыру әрбір ұстаздың парызы. Сол себепті ұстаздарға артылар жауапкершілік пен сенім өте жоғары. Әрбір педагог өз ісіне адал, кәсіби толық қалыптасқан, кәсіби құзыретті болуға міндетті.
Олай болса болашақ педагогтардың кәсіби идеалы да осыған сай болуы керек. Күрделі экономикалық және әлеуметтік-мәдени қайта құруды, жалпы әлемдік кеңістікке енудің белсенді үдерістерін сипаттайтын қазақстандық қоғамның заманауи кезеңі кәсіби іс-әрекеттің барлық салаларындағы мамандарды даярлаудың сапасына талаптарды өзгертумен және арттырумен болды. Соңғы жылдары болашақ педагогтардың әлеуметтік-құндылықтық бағдарларынан еңбекке қатынасы, таным мен білім беруге жалпы адамзаттық рухани құндылықтар ретінде және мамандыққа тұлғаның өзін-өзі жетілдіруінің негізгі құралы ретінде қатынастарындағы күрделі өзгерістерді байқауға болады. Бұл болашақ мамандардың кәсіби дүниетанымының өзгеріп, гуманистік кәсіби идеалдарының әлсіреуіне, өзіндік жетілу идеалдарымен алмасуына алып келеді.
Соңғы жылдары шетелдік және отандық ғылым мен практикада болашақ мамандардың құндылықтық-мәндік аймағын қалыптастыру мәселесіне қызығушылықтардың артқанын байқаймыз. Ғылыми жарияланымдар мен диссертациялық зерттеулердің біраз бөлігі дүниетанымдық көзқарасты, құндылықтық сананы, құндылық бағдарларын анықтау, өзін-өзі тануды, адамгершілік құндылықтарды, идеалды бейне мен имиджді қалыптастыру мәселелерін қарастырған. Шетел зерттеушілерінен педагогтардың кәсіби қалыптасуы мәселесі төңірегінде B.Г.Бочарова [1], Ю.В.Василькова[], М.А.Галагузова [], A.B.Мудрик [], Ф.А.Мустаева [], Р.В.Овчарова [], В.А.Сластенин [] және т.б. ғалымдар айналысты.
Р.И.Бурганова. [14], Е.З.Батталханов [15], Г.Ж.Меңлібекова [], Г.К.Ахметова [], А.А.Булатбаева [], т.б. ғалымдар зерттеулерінде болашақ педагогтың студент жастармен жұмысқа дайындығын, оқушы жастардың гуманистік дүниетанымының қалыптасу мүмкіндіктері мен жағдайларын, болашақ ұстаздарды әлеуметтік педагогикалық жұмысқа дайындаудың жүйесін құру, «білім беру идеалы» мұғалім кадрларын даярлаудың даму тарихын, педагогтың тұлғалық-мәндік бейнесі қалыптасуының педагогикалық негіздерін т.б. мәселелерді ғылыми тұрғыда негіздеп, жан-жақты ашқан.
Осылайша, зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттер мен практиканы талдай отырып, аталмыш мәселе тұтас және жүйелі қарастырылмағанына көз жеткіздік. Нақтырақ айтсақ, жоғарыда айтылған ғалымдар зерттеулерінде студенттердің кәсіби идеал бейнесі, таңдау пәндерінің маңызы туралы мәселелер көтерілмеген. Біз өз зерттеуімізде ЖОО студенттерінің кәсіби идеалын таңдау пәнері арқылы қалыптастыру мәселесін қарастырдық. Және де осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстар жүргіздік.
Студенттердің кәсіби идеалын таңдау пәндері арқылы қалыптастыру мәселесінің бүгінгі күні қоғамға қажеттілігі мен сол қажеттілікті іске асыру үшін әдістемелік құралдың жоқтығы арасында қарама-қайшылық туындайды. Осы қарама-қайшылық біздің зерттеу проблемамызды айқындап, тақырыбымызды “Студенттердің кәсіби идеалын таңдау пәндері арқылы қалыптастыру” деп алуымызға негіз болды.