Лекция №11. Тақырып: Ортағасырлар және Қайта өрлеу мәдениеті. 1. Ортағасырлар мәдениетінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері.
2. Ортағасырлардағы батыс мәдениеті.
3. Ортағасырлардағы мұсылман мәдениеті.
4. Қайта өрлеу мәдениеті.
Мақсаты: Орта ғасырлық діни мәдениеттің негізгі ерекшеліктерін ашу. Мұсылман шығыс мәдениетінің әлемдік мәдениетке қосқан үлесін жан-жақты талдау. Қайта өрлеу дәуірінің мәдени жетістіктері мен өнердегі жарылысқа мәдени талдау жасау.
Негізгі ұғымдар: теология, теоцентризм, креационизм, романдық, готикалық, құран, шариғат, тарихат, ренессанс, гуманизм, антрпоцентризм, утопия.
1. Ортағасырлар мәдениетінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері. Орта ғасырлар эллиндік-классикалық мәдениеттің қүлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа замаңда қайта түлеу кезеңімен сойкес келетін, үзаққа созылған біртүтас мәдени дәуірді қамтиды. Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бүл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды, яғни V ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бүл термиңці бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қолданған. «Орта ғасырлар» терминінің сол бір тарихи кезенде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мәнін жойған жоқ.
Мыңжылдық «Орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш кезеңнен түрады. Бірінші, «Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі» -дәуір бастауынан басталып –X-XI ғасырға дейін созылады; екінші, Жоғарғы (классикалық) кезең -XI ғ. мен XIV ғ.; ал үшінші, «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі» -XIV ғ. және XV ғ. аралықтарын қамтиды. Бастапқы орта ғасырлар кезеңі - Еуропада буырқанған, әрі мәнді процестерге толы сындарлы кезең болды. Бүл тарихи өзгерістер, ең бірінші кезекте біздің заманымыздың екінші ғасырынан бастап-ақ Рим империясын шапқыншылық әрекеттерімен мазалай бастаған варварлардың жойқын шапқыншылықтарымен тығыз байланысты болды. Бүл қақтығыстар Рим империясының 476 ж. қүлауымен аяқталды. Варварлардың жеңісі римдік региондарды жай ғана жеңу емес еді. Ендігі жерде тарихтың жаңа беті басталып, көне қоғамдағы абыржушылық пен бей-берекетсіздік одан әрі күшейе түсті. Жаңа батыс еуропалықтар Рим империясының мемлекеттік дініне айналған христиан дінін қабылдады. Сөйтіп, Рим импе-риясының барлық жерінде қалыптасқан пүтқа табынушылықты жаңа дін біртіндеп ығыстыра бастады және бүл процесс Рим империясы қүлағаннан кейін де толастамады. Бүл жағдай - Батыс Еуропадағы Бастапқы орта ғасырлар кезеңінің бет-бейнесін айқындаған маңызды тарихи процесс болды.
Осы бір тарихи кезеңдегі ерекше жағдай - бүрынғы Рим империясының территориясында «варварлардың» жаңа мемлекеттік қүрылымдарының қалыптасуы болып табылады. Шындығына келетін болсақ, сансыз гот, франк және т.б. тайпаларды «тағылар» деп айтуға да болмайтын сияқты, өйткені дәл осы кезеқде олардың копшілігінде мемлекеттік қүрылыс белгілері айқын-далған болатын. Олар сонымен қатар әскери демократия принциптерін жетік меңгерді, егіншілікпен, қол өнермен, металлургиямен шүғылданды. Тайпа көсемдері өздерін корольдер, герцогтер және т.б. деп жариялады. Мысалы, франктердің королі Үлы Карл 800 жылы бүкіл батыс еуропалық елдердің императоры деп жарияланды. Қазіргі Францияны, Германияны, Бельгияны, Голландияны, Солтүстік Италияны, Солтүстік Испанияны өзіне қосып орта ғасырлық бірінші зор империя қүрған Үлы Карлдың тарихи күресінде адам қаны көп төгілді. Үлы Карл билік қүрған кезеңді кейде «королингтік қайта дәуірлеу кезеңі» деп те атайды. Мүндай атақтың берілуінің себебі, Карл империясының ежелгі Рим мәдениетін жандандыруға бағытталған шараларынан болса керек. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Үлы Карл ағарту ісінің қажеттілігін түсінген және оны дүрыс жолға қоюға тырысқан көрнекті түлға болған. Ол өзі бас болып негізін қалаған мектепте оның үлдарымен бірге ақсүйек балалары түрлі ғылым салаларын, оның ішінде риториканы, поэзияны, диалектиканы, астрономияны және т.б. оқып үйренді. Кейіннен, яғни 900 жылы қасиетті Рим империясының сансыз графтықтарға, герцогтықтарға, епископтықтарға, аббатықтарға бөлініп кетті де, қоғамда бей-берекетсіздік туды. Олардың билеушілері оздерін тәуелсіз қожайындар санап, императорларға да, корольдерге де бағынуды қажет деп санамады. Бірақ, елдің бірлігіне нұқсан келтіретін мүндай келеңсіз коріністерге қарамастан, мемлекеттік қүрылымдардың қалыптасу пропестері одан кейінгі кезеңдерде де тоқтамады. Әрине, ғасырлар бойы талай аласапыраңды басынан кешірген, тонаушылық пен басқыншылық орын алған мүндай мемлекетте экономикалық және мәдени дамуға нүқсан келетінін ешкім де жоққа шығара алмас. Ал бүл жағдайлар, өкінішке орай, Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінің өзіне тән ерекшелігі болды.
Бірақ, классикалық дәуірде орта ғасырлық Еуропа бүл қиындықтарды жеңе отырып, қайтадан жаңғыра бастады. X ғ. бастап феодализм заңдары бойынша жүзеге асырылған ынтымақтастықтың нотижесінде ірі мемлекеттік қүрылымдар қүрылды және қуатты армияларды жинақтауға мүмкіндік туды. Осы сияқты қоғамдық омірде жүзеге асырылған шаралар, мәдениеттің алға басуына қолайлы жағдайлар туғызды. Қалыптасқан біршама түрақтылық қалалардың коркейіп, жалпы еуропалық эконо-миканың дамуына қолайлы жағдайлар жасады. Батыс Еуропаның саяси-мәдени өмірі түбегейлі өзгерістерге үшырады, қогам варварлық сипатынан айырылып, қалаларда рухани өмір гүлдене бастады. Рим империясына қарағанда еуропалық бірлестік түтастай алғанда әлдекайда бай, әрі өркениетті болып шықты. Мүндай мәдени алға басушылық христиан дінімен, христиан шіркеуімен тығыз байланысты болды, өйткені мемлекет дінге арқа сүйеді. Өз кезегінде христиан шіркеуі де өз үйымдарын нығайтып, христиан дінін жан-жақты жетілдіре берді. Ежелгі Римнің және бүрынғы варварлық тайпалардың модени-көркемдік дәстүрлерін дамытып, жетілдірудің арқасында роман-дық және одан кейін жасампаз готикалық стильдер қалыптас-ты. Сөйтіп, өнердің театр, музыка, әдебиет, соулет өнері, кескіндеме, мүсін онері сияқты салалары жаңа түр, жаңа мазмұнға ие болды. Дәл осы кезеңде француздардың алғашқы үлы поэтикалық шығармасы - «Роланд туралы жыр (XII ғ.)» шығарылды. Дүниежүзілік әдебиеттің асыл мүрасына айналған бүл тамаша туындыда рыцарлық ерліктер барынша мадақталып, монархқа вассалдық дәріптелді. Батыс еуропалық ғалымдардың ежелгі гректер мен эллиндік философтардың, әсіресе Аристотельдің ғылыми еңбектер мен танысуы - ғылым жолындағы табанды ізденістердің бастамасы болды. Соның нәтижесінде орта ғасырлық философиялық үлы жүйе -схоластика пайда болды. Кейінгі орта ғасырлар дәуірінде классикалық кезеңнен бас-талған еуропалық мәдениеттің қалыптасу процесі одан әрі жал-ғасты, бірақ оның даму барысында толып жатқан қиындықтар мен кедергілер кездесіп отырды. Тек XIV—XV ғасырлардың ара-лығында ғана Батыс Еуропа бірнеше апатты аштық жылдарын бастан кешірді. Бубондық сүзек («Қара өлім») сияқты эпидемиялардың салдарынан халық жаппай қырғынға үшырап отырды, ал мүндай қасіретті жағдайлар өз кезегінде мәдениеттің дамуына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Үзаққа созылған жүз жылдық соғыста халық әбден титықтап, модениеттің дамуы тежелді. Бірақ, дәл осындай сындарлы кезеңце де қалалар оркен-деп, ауыл шаруашылығы мен сауда, қолөнер үдайы даму үстінде болды. Рухани өмірдің жандануына, ғылымның, өнердің, философияның және т.б. жаңа арнамен дамуына қолайлы жағдайлар туды. Мүндай алға басушылықтық көптеген коріністері, әсіресе Италияда байқалды. Сондықтан да болар, Италия үлы мәдени төңкеріс - Ренессанс мәдениетінің орталығы болды.