«Мой друг, ты очень прост, Что терпишь добровольно пост, А в клетке над носом твоим висит щегленок». «Ей, досым, неден бұлай болдың момын? Бәрібір емес шығар аш пен тоғың? Үйшікте сандуғашты көрмеймісің, Қағып сал, аңдап тұрып, адам жоғын!» Бала мысық досының айтқанын екі етпей, табанда орындайды., үйшікті бұзып сандуғашты алып жейді. Бірақ онымен қанағат етіп қоймай, құс етіне құнығып алған бала мысық аяңдап ақыл үйреткен ұстазының қасына келіп:
«Рахмет, жол танытқан білгішім», деп
Оны да қосымшаға қағып салды».
Біздің байқауымызша. Б.Өтетілеуов мысал сюжетінен оқшауырақ тұрған жолдарды әдейі қалдырып кеткен болу керек. Одан мысалдың композициясына ешбір нұсқан да келіп тұрған жоқ. Мұның орнына аудармашы тыңнан бір шумақ өлең қосып, сол арқылы бұл мысалда кейбір адамдарға тән қандай мінді мінез, қандай жағымсыз әдет шенеліп отырғанын анықтай түседі:
Мысалы, қараторғай біздің халық, Алысты жақынға жүр айдар салып, Жақынын мұқаттырып, дәндетіп ап, Өзі де отырмайтын аман қалып. Б. Өтетілеуовтің Крыловтан аударған енді бір топ мысалда сараңдық пен дүниеқорлық, екіжүзділік пен мақтаншақтық, бақ құмарлық пен мансапқорлық шенеледі. Бұл алуандас жағымсыз мінез – құлықтар да дала өміріне жат емес болатын.
Ұлы мысалшы ақын «Мирон» деген мысалында да сараң байды қырына алып, оның тағы бір алуандас жексұрын мінез – қылықтарын жұртқа әшкере етеді, сатира шоғын салып күйдіреді: бұл бай әрі сараң, әрі арам пиғылды, жауыз адам, сонысына қарамастан, жұртқа жақсы көрінбек, мырза атанбақ ниеті тағы бар.
Ертеде қазақ ауылында Миронға ұқсас шық бермес Шығайбайлардың көп болғаны белгілі. Б.Өтетілеуов бұл мысалды әдейі байларды мысқылдау үшін аударғанында күмән жоқ. Қазақ байы – Мирон деп аталмасқа керек, сондықтан ақын оған «Жарас» деп ат қойған. Миронға тән жағымсыз, жат мінездер – сараңдық қосақталған мақтаншақтық Жараста да бар. Бірде Мирон мейірленіп, әр сенбі сайын пақырларға қақпам ашық, келгендерге ас – суға қарық қыламын деп хабар таратады.
Кому не хочется хорошей славы? Чтоб толкам о себе другой дать оборот, Мирон мой распустил в народ, Что нищих впредь кормить он будет по субботам. Миронға ұқсап, Жарас та, тек айырмасы сенбі күні емес, жұма күні, кім келсе де есігім ашық, дастарханым жаюлы, деп жар салады.
Ойласақ кім сүймейді мақтанғанды?
Бай даңқын шығаруға ойын алды.
«Жарқылдап жұма сайын тайғызамын,
Келсін, - деп жетім - жесір» хабар салды.
айтқанындай – ақ, Жарас (Мирон) сөзінде тұрады, жұма күні жетім – жесір, қайыршы біткенді қарық қылады. Бірақ сараң байдың мырзалығы бір аптадан аспады, бір жұма өтіп, екінші жұма өтпей – ақ Жарастың қабаған төбеттері тірі жанды үйінің маңайына жолатпай қояды. Жарастың үйіне жақын келген қайыршы қайыр дәмету түгіл, тақымын қаптырмай аман құтылғанын қуанады.Автор да, аудармашы да сараң байды ирония арқылы қатты әжуалайды.
Все говорят «Нельзя Мирону надивиться, Жаль только, что собак таких он держит злых И трудно до него добиться: А то он рад последним поделиться». Сонда да жұот мырза деп атын жайған, Иттердің неге босын білсін қайдан. Деседі: «Иттерден қорқып бара алмаймыз.Әтпесе кінә бар ма Жарас байдан?!» Бұл мысалдардан автор тағы да мынадай бір қорытынды жасайды: жоғары лауазымға оңайшылықпен қол жетпек емес. Бірақ, мұндайда Мирондар қалтарыста қала береді де, айыпты иттер болып көрінеді дейді. Аудармашы лауазым жайында сөз қозғамастан, әңгіме желісін басқа жаққа бұрмастан, мысалдың соңында Жарас сияқты байлардың бәріне ортақ жалған мырзалықтың сырын терең қазып аша түседі.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасында кездесетін салт-дәстүрлерге тоқталыңыз және біреуінің мәнін ашыңыз.
55Қалқаман - Мамыр" - 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған дастан. Авторы Ш.Құдайбердіұлы. Жас жігіт Қалқаман мен ару қыз Мамыр бір- біріне ғашық болып қосылғанымен, олардың бір рудан шыққандығына байланысты, екі жас "дәстүрді бұзғаны үшін" өлім жазасына кесіледі. Мамыр өз туысы Көкенайдың қолынан қаза табады. Ал Қалқаман өзін өлім жазасына кескен Кеңгірбай бидің "Енді жазадан құтылдың" дегенін тыңдамай, үстем тап өкілдеріне өкпелеп, Бұхар жаққа кетеді. Дастанда Қалқаманның ол жақта өсіп-өніп, ұрпағы жүз үйге жеткені айтылады. Халықтық шығармаға айналған дастан сюжеті феодалдық-патриархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын паш етеді. "Қалқаман - Мамыр" дастаны алғаш рет 1912 жылы Семейде кітап болып басылып шыққан. "Қалқаман - Мамырдың" түрлі нұсқалары бар. Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және мәтінтану бөлімінде 9 нұсқасы сақтаулы.[1]
«Қазақ қалпы», «Қазақ салты» өлеңдеріндегі басты идея қандай? Шығармадан көркемдегіш құралдарды тауып, жазыңыз.
Алаш ұранды әдебиеттегі ағартушылық ой.
"Алаш" партиясының бағдарлама жобасын жасап, қазақ елін Ресей федерациялық мемлекетінің кұрамындағы ел болуы деңгейіне қойған алаш ақындарының бостандық тақырыбындағы саяси-өлең формаларын халықтық-демократиялық революция бағдарындағы өлеңдер түрінде бағалаймыз. XX ғасырдың басында Ресейде революция дәуірінің басталуына байланысты, қазақтың рушылық-демократиялық әдебиеті елді қараңғылықтан оятып, өнер-білім жолында үгіттей отырып, отаршылдық езгісінен құтқару, елдің тәуелсіздігі үшін күресі идеясын батыл көтерді. Отаршылдық мен феодалдық көрсоқырлықган азып-тоза бастаған халықтың Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт еңбектерін ту ғып көтеріп кеткені сондықтан. Әдебиет бұл тұста "Саяси бас бостандығы жоқ елде ашуын айтатын трибунаға айналды" (А.Герцен), ал Ахмет пен Міржақып қазақтың тұңғыш демократтары қатарынан құрметті орын алды. Мұндай, елдің түбірлі жаңаруын көксеген демократтық ағымның әдебиетшілер ортасында тууы — біздің ұлттық әдебиетіміздің қазақ халқының саяси-қоғамдық өмірінде атқарған қызметін айқындайды және қазақтың ұлттық ой-пікірлерінің дамуына да ақын-жазушылардың ұйтқы болғанын дәлелдейді .Чехтың әйгілі педагогі Я.А. Коменский әрбір халыққа өз ана тілінде білім берілу керек екенін айтады. Алаш арыстары да ағартушылық тұрғысында мектепте ана тілінде білім беруді жолға қоюды мақсат етті. Сондықтан да алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген болатын. Сондықтан да кезінде алаш арыстары «мемлекеттік тіл» мәселесін алғашқы маңызды мәселе ретінде қарады деуімізге болады. Әрине, Сәкен Сейфуллиннің басшылық қызмет кезіндегі қазақ атауын қайтаруға, оқу-білім мәселесін жолға қоюға қосқан үлесін жоққа шығара алмаймыз. Бұлардың бәрі де көзқарасы әр түрлі демесек, алаш идеясының жүзеге асырушылары ғой. Олардың пайымдауынша, қазақ ұлтының мәдениетін, ұлттық рухын, саяси көшбасшылығын ұлттық тіл ғана биік дәрежеге көтереді. Алаш көсемі Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл» деген сөзі мен Елбасымыздың «Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады», - деген пікірімен үндес екенін көреміз. Ал Мағжан Жұмабаев: «Түрік тілімен сөйлейміз деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы», - дейді «Педагогика» еңбегінде.
Сұлтанмахмұт және «Айқап» журналы.
“Айқапқа” Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Бақытжан Қаратаев, Сабыржан Ғаббасов және басқа жазушылар мен публицистер қатысты. “Айқап” журна-лының материалдарын жинақтап, жариялау ісінде көп еңбек-тенген ғалым Ү.Сұхбанбердина: “20-ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың январынан бастап, 1915 жылдың сентябрь айына дейін Троицк қаласындағы “Энергия” баспаханасында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған “Айқап” журналы халқы-мыздың әлеуметтік, саяси өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап, таратуда елеулі рөл атқарды. Қазақтың біртуар қаламгерлері Бейімбет Майлиннің “Қостанай уезі, Дамбар болысы” атты, Сәкен Сейфуллиннің “Центрально-фельдшерская школа”, “Манап” драмасы туралы” атты алғашқы тырнақалды мақалалары “Айқап” бетінде жария-ланды
А.Байтұрсынов шығармасының «23 жоқтау» аталуы және ауыз әдебиеті үлгісімен ұқсастығы мен айырмашылығына тоқталыңыз.
XX ғасырдың бас кезіндегі проза жанрының өрістеуі.
1905 жылғы дума сайлауы тұсындағы еркіндікте «Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық» («Сахараға қарасақ») деп, алғашқы боп сөз бастап, «Оян, қазақ!» деп алғаш ұран көтерген осы Нарманбет ақын.
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»,- атты пікірдің иесі. Жамбылдың ұлт-азаттық көтерілісіне арналған өлеңдерін тізіп жазыңыз.
зілді бұйрық өлең аты с.сифуллин
Шәді төре Жәңгірұлының шығармашылық жолы.