Студенттердің ОҚудағы жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары «хх ғасырдың 40-60-жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы»



бет10/14
Дата22.12.2022
өлшемі165,36 Kb.
#58940
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ДКЯЛ2-20к Емтихан жауаптары

«Бақытсыз Жамал» — Міржақып Дулатұлының 1910 жылы жарық көрген, қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман.
Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет-ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.
Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады.
... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар...
Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі.
Міржақып Дулатұлы осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады.
...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді.
Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді.
Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады.
Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады.
Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады.
М. Дулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады.
Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады.
Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді.
Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген, жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады.
Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ.
Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

  1. С.Көбейұлының шығармашылық өмірбаяны.

Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, аудармашы, педагог Спандияр Көбеев Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ-орыс мектебінде сауат ашып, Қостанайдағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын училищеде білім алған. Ыбырай Алтынсариннің ізін қуып, жолын жалғастырған Спандияр Көбеев балаларға орыс тілі мен әдебиетін оқытқан. Тұңғыш кітабы "Үлгілі тәржіме" деген атаумен 1910 жылы Қазанда баспа бетін көрді. 
Ұстазы Ы.Алтынсариннің ізімен балаларға арналған оқу құралын жазуды қолға алған С.Кебеев 1912 жылы Қазан қаласында "Үлгілі бала" кітабын бастырады. Бастауыш сынып балаларына арналған бұл оқулықта ол өзінің төл шығармаларын, орыс классиктерінің балаларға арналған әдебиет үлгілерін, қазақтың ауыз әдебиеті түрлерін, орыс мысалшыларының еңбектерін кіргізді. Надандыққа, ескішіл, сорақы салтпен күресу мақсатында ағартушыға көмекші құралдардың бірі - көркем әдебиет деп берік шешімге келген Спандияр Көбеев "Қалың мал" романын жазады.
1939 жылы ол оқу-ағарту саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды.
1944 жылы "Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мүғалім" атағы берілді.
1949 жылы екінші рет "Ленин" орденін кеудесіне таққан.
1894 жылы Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай кедей еді. Руы Арғын ішінде Бәсентиін[1].
Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жазу бастады.
1916 жылы маусымның 25 патша жарлығымен жасы 19 мен 43 арсындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының жігіттер майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған. Екібастұздың көмір қазатын болды, кейін Рига қаласының өңірінде окоп, ор (траншея) қазған.
1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтты. Ақпан төңкерісін қолдап басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, қазақ халқына автономия беруіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады.
Семейде мұғалімдер семинариясында оқиды. Сол кезде Семей қазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығына айналысады, Алаш қаласы деп атайды. Семинария ше, зиялы азаматтар оқып бітірген білім ордасына айналысады. Мұнда Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтер оқыған, кейін семинариясын Шәкен Айманов да оқып бітіреді.
Кеңес үкіметі орнаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, ол қазақ халқына басқа халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгереді, жесір-жетімдерінің қамын ойлайды деп сенеді. Мектептерде мұғалім болып жұмыс істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады. Оңдай ағартушылар сол кезде керек еді, өз уақытында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы тағы басқалар мұғалім-ағартушы болып мектептерде сабақ берген.
Баянауылда сотта жұмыс істеген, кейін орнына Қаныш Сәтбаев келді.
1923 жылынан бастап, Семейдің «Қазақ тілі» үнжариясында жұмыс істейді. Қазақ әліпбиі латын әрпінен құрастырғаны дұрыс деп ойлаған.
Қалың малға тыйым салу үшін күресіп, әйелдердің тең құқықтары үшін күресіне үлес қосқан.
Әйелі — Қорлығайын Қожақызы байдың немересі еді. Сәбиттің әкесі Дөнентай өмір бойы сол Мәннәнбайдың малын баққан. Мәннәнбайдың немересін қалың малсыз алып жұбайы қылған. Баласы Мақсұт 1922 жылы қызылша болып қайтыс болған. Қызы Сәулет 1924 жылы Павлодар облысының Құркөл ауылында туған.
Ақын-демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаев 1933 ж. мамырдың 23 қайтыс болған. Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi.
1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан.
1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды.
Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесті жетімнің тағдыры туралы.


  1. Сәбит поэзиясының тақырыптық-идеялық бағыты.

Сәбит Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.
Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады.
Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. 1928 жылы драмалы оқиғаға «Сұлушаш» оқиғасын жазды.
Сұлушаш Тілеуберді деген бай қызы болса да, жастайынан бірге өскен, еңбекпен шыныққан, жас жылқышы Алтайды жақсы көреді, Алтай үшін жанын қиюға бар:
Басқаны Сұлушаштың сүйері жоқ,
Алтайдан басқа көңілі иері жоқ.
Кездескен қай мырзаға көз салса да,
Ішінде тап Алтайдай жүйелі жоқ.
Кейін атастырған күйеуіне зорлап апарылған Сұлушашты Алтай құтқарып алады.
Ақынның поэзиялық ерекшеліктері. Қазақтың байырғы поэзиясына қарағанда, осы заманғы поэзиясы түр мен мазмұн көркемдігі жағынан жаңаша өсіп – өркендеді. Әрине, ол жаңалық бірден басталып кеткен жоқ. Бұрынғы дәстүрді бойына сіңірген, бұрыңғы бар түрді қолдана отырып, ақындар жаңа заман тынысын көрсетті. 20-30-шы жылдарғы қазақ поэзиясын алып қарасақ Сәбит Мұқанов көп жаңалықтар еңгізген. Күрескер ақын Сәкен Сейфуллин поэзиясы қазақ өлеңін қаншалықты жоғары көтерсе, Сәбит Мұқанов та- көп ізденіп, поэзиясын жаңаша сөйлетуге ұмтылған ақын. Жаңалық тек ұйқас, буын, ырғақ саласында ғана болмай, көбіне ақынның теңеу, метафора, эпитет сияқты шеберлік кетсе – өрнектерінен де көрінеді.
«Колхозды ауыл осындай» атты өлеңінде ақын көрікті даланы, көркем аспан мен көкарай шалғын жерді, онда тіршілік етіп жүрген халықты үлкен сахналы театр сипатында суреттейді. Өлең, әрине, сол заманның көпірме ұранына сәйкес, бос мақтан сипатында жазылған.



  1. Ә.Тәңірбергенұлының шығармашылық өмірбаяны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет