Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Тәрбие әдістері туралы түсінік.
2.Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
3.Тәрбие формалары мен құралдары.
Әдебиеттер тізімі 1. Педагогика. Оқулық. /Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. -Алматы: Print-S. 2005. - 61-176 б.
2. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2002. - 84-92б.
3. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. -Алматы, 2004. - 35-43б.
4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын-2004.
5. Бегалиев Т. Педагогика. –Тараз. 2001.
Әдістемелік нұсқау:Оқу материалдарын негізгі түсініктердің мазмұнын игерумен және құбылыстардан, процестерден нақты мысалдар келтіру арқылы бекіту керек.
Өзіндік жұмыс №8 Тақырыбы: Ұжым-тәрбие құралы Мақсаты: Оқушылар ұжымын мектептегі педагогикалық процестің маңызды компоненті ретінде түсінуге мүмкіндік туғызу.
Тапсырмалар: 1.Әртүрлі оқулықтардан «ұжым» ұғымының анықтамасын жазу және оларға талдау жасау.
2. Оқушылар ұжымы дамуының негізгі заңдарын тұжырымдаңыздар.
3. «Ұжымның даму динамикасына» талдау жасау.
4. Ұжым қарым-қатынасын анықтауға бағытталған әдістемелер жинақтаңыздар.
5. «Ұжымдағы менің рөлім» атты эссе жазу.
6. «Тұлғаның ұжымда дамуы», «Ұжымда қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдары», «Ұжымдағы дәстүрлер және олардың тәрбиелік маңызы», «Оқушы ұжымының тәрбиелік функциясы», «Оқушылар ұжымының даму динамикасы және кезеңдері» рефераттарын дайындау және талқылау (тақырып таңдалып алынады).
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Оқушылар ұжымы дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?
Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға үлес қосқан зертеушілерді атаңыз.
Балалар ұжымы – мектептегі педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылу себебін түсіндіріңіз.
Ұжымның басты белгілерін нақтылаған А.С.Макаренко тұжырымдарын талдаңыз.
Оқушылар ұжымының негізгі даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
Оқушылар ұжымының дамуының негізгі заңдарын тұжырымдаңыздар.
Оқушы ұжымының қалыптасуының әртүрлі кезеңіндегі оқушылардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының өзара байланысын көрсетіңіздер.