Тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары
Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдарына талдау жасауға мүмкіндік туғызу.
Тапсырмалар: 1.Оқыту әдістерінің әртүрлі жіктемесіне салыстырмалы баға беріңіз.
Оқыту әдістерінің кең таралған үш жіктеуін білім көздері бойынша (Е.М.Петровский, Е.Я.Голант), танымдық іс-әрекетінің сипаты бойынша (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин), оқыту процесін тұтастық тұрғыдан қарау негізінде (Ю.К.Бабанский) салыстырыңыз. Әр жіктеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін саралаңыз және мүмкіндікке қарай өз жіктеуіңізді ұсыныңыз.
2.«Оқыту әдістерін іріктеуде мұғалім шеберлігі» атты баяндама дайындаңыз.
3.«Оқыту әдістерін жіктеу». Кесте құрыңыз.
4.«Дәстүрлі емес сабақтар» реферат.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Әдіс және тәсіл туралы ұғымды түсіндіріңіз.
2. Оқыту әдістерін жіктеуде бірыңғай көзқарастың жоқтығын қалай түсіндіруге болады?
3. Оқыту әдістерін жіктеудің негізгі критерийлерін атаңыз.
4. Оқыту әдістерін топтап бөлу және оларға сипаттама.
5. Оқыту әдістерін И.П.Подласый жіктеуі бойынша талдаңыз.
6. Ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін іске асыру тәсілдерін сипаттаңыз.
7. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін стимулдау әдісінің өзіндік ерекшелігі.
8. Оқытудағы өзіндік бақылау және бақылау әдістері қандай?
9. Г.И.Шукина оқытудың қандай әдістерін көрсетті?
10. Оқыту әдістерінің жалпы функциясын баяндаңыз.
11.Оқыту әдістерінің мазмұнын сипаттаңыз.
12.Оқыту әдістерін мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде қолдануы және оларды таңдауы қалай жүзеге асырылады?
13. Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары, олардың өзара байланысы мен өзара шарттылығы.
14. Оқытудың белсенді әдістері.
Әдебиеттер тізімі 1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2002. -240-253 б.
2. Педагогика. Оқулық. /Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. - Алматы: Print-S. 2005. -282-302 б.
3. Әмірова Ә.С. Дидактика.– Алматы, 20 .
4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, Дарын-2004.
5. Бегалиев Т. Педагогика. –Тараз. 2001.