Науқаспен контактіге тусе білу. Сұрастыруға көшуге мүмкіндік беретін тәсіл
наукаспен әңгімені бастай алу дағдысынан тұрады. Бұл дағды — клиникалык
зертеудің негізгі элементі. Науқастың сізге ағынан ақгарылуы осы дағдыны
игеруіңізге байланысты. Науқастар дәрігермен әңгімелесуге әрқилы көзқараспен
қарайды, ал студенттермен әңгімелесуге мүлдем басқаша қарайды. Науқастардың
3-Қосымша 467
кейбірлері ғана сізбен сөйлесуге қызығушылық танытуы мүмкін. Басым бөлігі
сізбен формальды қатынасқа түседі, кейбіреулері мүлдем бас тартуы мүмкін.
Сіз амандасып, науқасқа өзіңізді таныстырғаннан кейін әңгімені әрқалай
бастауға болады. Науқастың өзін қалай сезінетіндігін, не мазалайтындығын,
ауруханаға не себеппен түскендігінен бастап сұрауыңызға болады. Кейде
науқаспен толық танысумен (қайда оқыды, қайда қызмет етті және т.б.) бастауға
да болады.
Егер сіз науқастың әңгімелесуге ынтасын байқасаңыз, онда сұрастыруға
көшіңіз.
Науқасты сұрастыра білу. Сұрастыру мақсатты сипатта болады, ол психикалық
бұзылыстарды анықтауды міндет етеді.
Келесі білім деңгейіне сүйенеді.
Ең алдымен, психикалық аурулардың симптомдары мен синдромдары бойынша білім талап етіледі. Науқасты сұрастырмас бұрын сіз қандай психикалық
бұзылыстарды анықтағыңыз келетінін нақты білуіңіз керек. Егер сіз түйсік
бұзылыстары симптомдарын анықтағыңыз келсе, онда оларға анестезия, гипостезия, гиперестезия, парестезиялар және сенестопатиялар жататынын
есіңізде сақтауыңыз керек.
Сонымен қатар, сіз тек өзіңіз тексеретін бұзылыс түрін біліп қана қоймай,
басқа да бұзылыстарды анықтай білущіз керек. Қандай да бір симптомды
анықтау үшін ол жөнінде науқастан қалай сұрауды білу керек. Мысалы, науқаста
дене схемасы бұзылысын анықтағыңыз келсе, былай сұрауыңыз тиіс: «Сізде
кейде денеңіз бірде ұлғайған немесе кішірейген, ауырлаған, не жеңілдеген
сезімдер болмайды ма?»
Сұрастыру психикалық күйді зерттеу жоспары жөніндегі білімге сүйенеді.
Сұрастыруды сіз өз кезегімен, белгілі бір схема бойынша жүргізуіңіз тиіс (келесі
бөлімде көрсетіледі). Бұл схема науқастың психикалық күйін зерттеу толықтығын
қамтамасыз етеді.
Сұрастыру белгілі бір ережелерді ұстануды қажет етеді.
Егер студент не сұрау керектігін білмей, шатасып, дәптерінен психикалық
күйді зерттеу схемасын қарап отырса, науқастарда теріс пікір қалыптасады.
Сондықтан зерттеу жоспары алдын-ала дұрыс игерілуі керек.
Сұрақтарды мәдени тілде, нақты қою керек. Жауап нақтылығы дұрыс
қойылған сұраққа байланысты. Бұл жағдайда науқас білімін, мәдениетін, тіл
білуін ескеру керек. Науқастың сұрақты дұрыс түсінгендігін нақтылап отырудың
пайдасы бар. Егер жауап нақты болмаса, басқаша құрылымда сұраңыз.
Әңгімелесуді белсенді өткізуге тырысыщыз. Сұрастыру — бұл белсенді
мақсатты үрдіс. Сіз келесі қиындықтармен кездесуіңіз мүмкін: біріншіден,
кейбір науқастардың аса алаңдағыштығымен; екіншіден, аса детализациямен,
қажет емес нақтылықтарға тоқталулармен; үшіншіден, науқастардың бірқатары
тек өздерінің ойынша маңызды болып табылатын жауаптар береді; төртіншіден,
науқастардың есте сақтау қабілеті нашар болуы мүмкін, сіз қойған сұрақтарды
ұмытып қалуы мүмкін.
Егер науқас қажетсіз детальдарда тұрып қалса, сіз мәдениетті түрде оны
әңгіме тақырыбына қайтарып, тек қажет сұрққа жауап беруін өтініңіз.
Наукас алдында жауаптарын кағазға тіркемеуге тырысыңыз.
Біріншіден, бұл әңгімелесудің шынайылығын бұзады; екіншіден,науқас
мимикасын, сөзін, жүріс-тұрысын бакылауға кедергі болады; үшіншіден, кейбір
наукастар жазбаны сандырактык мотивте түсінеді, мысалы, тергеу хаттамасы
ретінде; төртіншіден, бұл сіздің есте сактау кабілетіңізді жаттыктырады. Қажет
жағдайда бір студент сұрастырып, екіншісі жазып отырғаны дұрыс.