Студенттердің психиатриялық стационардағы жұмысы



бет1/10
Дата18.11.2023
өлшемі31,7 Kb.
#124777
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ
ЖҰМЫСЫ
Психиатриялық клиникаға келген студенттердің бір бөлігі үш қиындықпен
кездеседі.
Біріншіден, психиатриялық бөлімдегі жұмысқа психикалық бейімделу
қиындығы.
Екіншіден, кейбір студенттер психиатриялық стационардағы тәртіп ережелерін
баяу игереді. Бұл кейде әлеуметтік қауіпті науқастардың қашып шығуына,
науқастарда агрессия тудыруға алып келеді және т.с.с.
Үшіншіден, кейбір студенттер психикалық науқастармен қарым-қатынас
жасау дағдыларын игеруде үлкен қиындықтар сезінеді.


Студенттердің психикалық адаптациясы

Психиатриялық клиникаға келген студенттердің бірқатарында психикалық


кернеліс күйі дамиды («психикалық стресс»). Бұл күй үш бұзылыспен көрінеді:
біріншіден, теріс эмоционалды күйзелістермен — кернеліс, жоғары үрейшілдікпен, сескенгіштікпен, қорқыныш сезімімен; екіншіден, оқу материалын
игерудегі қиындықтармен — белсенді зейін бұзылады, есте сақтау қабілеті
төмендейді, дағдыларды игеру нашарлайды; үшіншіден, өзін сезінуі нашарлайды, ұйқы, тәбет бұзылады. Мұндай күй 2—3 күнге созылып, біртіндеп басылады. Кейбір студенттерде бұл күй қандай да бір дәрежеде бүкіл цикл бойында
сақталады.
Психикалық кернеліс күйінің алдын алу, студенттер адаптациясын жылдамдату кафедраның басты міндеті болып табылады. Бұл бірқатар жағдайларға
байланысты. Біріншіден, бұл күй студенттер үшін жағымсыз, олар қорқыныш,
қауіп сезінеді; екіншіден, жиі бұл күй оқу материалын игеруге кедергі келтіреді;
үшіншіден, студенттерде психикалық науқастар жөнінде жағымсыз естеліктер,
психиатриялық аурухана жөнінде қате пікірлер қалады.
Студенттердің психикалық кернеліс жағдайларын тексергенде, оның дамуы
студенттердің психикалық науқастар мен психиатриялық ауруханалар жөніндегі
қалыптасқан бұрыс көзқарастарымен байланыстылығы анықталды.
Ең алдымен, «психикалық науқас» сөзі ертеректе тек психоз жағдайындағы
адамдарды (сандырақпен, сана бұзылысымен және т.с.с.) білдірді. Олар дауасы
болмағандықтан ауыр дәрежеде өтті. Сондықтан психикалық науқастар
қорқыныш, қауіптенулер тудырды. Бұл науқастарға үлкен күш, қаталдық
қасиеттері қате жапсырылып отырды.
Біртіндеп екі үрдіс орын алды.
Біріншіден, «психикалық ауру» сөзі тек психоз жағдайын білдіріп ғана
қоймады, ол аурулардың жеңілдеу, психотикалық емес формаларына да қатысты
болды.
Психикалық ауруларға қазіргі кезде тұтығудың кейбір формалары, түнгі кіші
дәретті ұстай алмау және мінез-құлықтағы ауытқулар, бірқатар сексуалды
бұзылыстар, алкогольді шектен тыс колдану және т.б. жатады. Осы аталған
ауру түрлері психикалык аурулардың басым бөлігін камтиды. (80 пайыздан
жоғары).
Екіншіден, емдеу жетістіктеріне байланысты психоздың ауыр формаларымен
сыркат наукастар көлемі азайды.
Осылайша «психикалык наукастар» алдындағы коркыныш казіргі уакытта
негізсіз болып табылады.
Соңғы он-онбес жылдықга психиатриялык ауруханалар көп өзгерістерге
ұшырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет