Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет102/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
367986 (2)

60-тапсырма. Төмендегі кұрмалас сөйлемдерді грамматикалық жағынан басқаша ұйымдастыруға болатындай етіп кайта құрастырыңыз да, қолданылу ерекшеліктеріне назар аударыңыз.
1. Аттың төрт аяғы тасырлап, ұрыларға жетіп қалған екенсің (Ш.Аймауытов). 2. Серіктер Сырбайдың бұйрығын орындауға кіріскенде, үкімет комиссиясы да келіп қалды (С.Мұқанов). 3. Сенгені жыл құсындай көріне бастаған соң, Олжабектің ойына үміт дүниесі келіп қонды (Ғ.Мұстафин). 4. Айтарын айтқанмен өмір бойы күткен осы қызығын көре алмай кетіп бара жатқанына өзегі ашып кетсе керек, қайратты адамның морт сынуы жаман екен (С.Сматаев). 5. Әкем наннан үзіп алып, бірер толғап әрең-әрең жұтты (С.Сматаев). 6. Шынында да, Аламанға қаншалықты көңілі толып, уәде берсе де, Аққыздың арман етіп іштен тынатын жайы бар еді (А.Сейдімбеков). 7. Иноземцев аяғын құшардай боп жүрелеп қалған екен, Мұқағали оны алқынынан бүріп алып сәл көтерді де ыңқ еткізіп орнына, тасқа тастады (А.Сүлейменов). 8. Адамның бір әлсіздігі сол, кейде басқа түгіл өз сырыңды өзіңе ақтара алмайтын кез болады (Қ.Ысқақов). 9. Әлгі кабина есігінен бүркіттің аяғынша тарбиып шықты да, аппақ бір қозыны көтергендей Майраны ішке тартып әкетті (М.Сүндетов). 10. Дүйсен еріксіз езу тартып қалған, ізінше жігіттің жасыл шалбарының бір балағынан күректің сабындай ағаш аяғын көріп, езуін жиып ала қойды (М.Сүндетов). 11. Алғашқыда Жазираның бұл сөзі ерсі көрінгенмен, нені болса да тура айтатын өткір мінезіне үйреніп алғанбыз (Қ.Сәрсекеев). 12. Қор нашар, шөп аз (Қ.Сәрсекеев). 13. Шал көз алдына өңсіз, сұлық тұрған кемелерді елестетіп келе жатып, оқыстан тағы бір көлденең сұраққа ұрынды (Р.Сейсенбаев). 14. Таңдайы кеуіп қаталап тұр еді: етпеттей жата кетті (Р.Сейсенбаев). 15. Мен қос қолымды көкірегіме басып, басымды шұлғып тұрмын (Қ.Тұрсынқұлов). 16. Сөйтіп жүріп алшақтатып алған араларын, енді қалай жақындатуына Лоляның көзі жетпейді, себебі - жігіт те қазір үйлі-баранды болып қалған адам. Оны жігіттің өзі де жасырмай, соңғы кезде Лоляға жақындасып, оның халін түсінген, аяған болғанда айтар есіркеуі – тағдырдың бізге ендігі жазғаны астыртын сырлас болу ғана (С.Мұқанов). 17. Онда да сүзек қағып әкетпегенде, «жаман қатын» кім екенін Тастан өмір бойы көретін еді (С.Мұқанов). 18. Аршыл емес азаттық өз-өзінен құлдыққа итермелесе, аңғал адалдық өз-өзінен құрбандыққа шалдырады екен (Ә.Кекілбаев). 19. Егер бұл жағдайда да элементтерді салыстырмалы атомдық массаларының артуына қарап орналастыратын болсақ, калийдің орнын аргонмен ауыстыру керек (Оқулықтан). 20. Новелланың алғашқы белгілері грек әдебиетінде біздің эраның бас жағында көріне бастағанмен, ол шағын эпикалық түр ретінде Европадағы Ояну дәуірінде туып қалыптасты (З.Қабдолов). 21. Олар өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай арнайы жалғаулар арқылы түрленіп және жұрнақтар арқылы тұлғалық өзгеріске ұшырап, сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсіп отыратыны белгілі (А.Жұбанов). 22. Бұл арада біз шындық пен қиял өзара тұтасып кеткен грек өнеріндегі образ бен образдылықтың өзгеше түрі қайдан және қалайша туғанын байқап қана қоймай, Гомердің «Илиадасында» адамдармен бірге өмір сүріп, адамша тіршілік еткен құдайлар кейін де адамнан ажырамай, Эсхилде адамша мұңаю, Лукианда адамша сыналу себебі не екенін байыптай аламыз (З.Қабдолов).

  • Мәтін кұрамындағы жай сөйлемдерді құрмаласқа, ал құрмаластарды жай сөйлемге айналдырып көріңіз. Не өзгерді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет