Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет99/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Бақылау сұрақтары:

  • Сөз таптары мен қосымшалардың грамматикалық қызметі, мағынасы мен стилистикалық қызметі, мағынасы арасында қандай айырмашылығы бар?

  • Сөз таптары мен қосымшалардың функционалды стильдік жұмсалу ерекшелігі туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз, мысалмен дәлелдеп түсіндіріңіз.

  • Сөз таптары мен қосымшалардың контекстік жұмсалуына мысал келтіріп, қолданымдық ерекшеліктері туралы өз ойыңызды жинақтаңыз.
СӨЖ тапсырмасы:

1. Морфологиялық стилистика
2. Зат есім, сын есім сөздердің стилистикасы
3. Синтаксистік синонимдер
4. Зат есімнің септік жалғауларының стилистикалық қызметі
5. Етістік райларының стилистикалық қызметі


54-тапсырма. Берілген мәтіндерден сөз тіркестерін түрлеріне ажыратып, олардың қолданылу сипатын түсіндіріңіздер.
а) Сырғаны кешірді ме, жоқ па беймәлім. Тіс жармайды. Мұны әйел кешіргені деп ұққан. Олардың тарапынан не жылылықтың, не өшпенділіктің нышанын көрмей, талай кешті батырып, талай таңды азаппен атырған әйелдің соңғы кезде үнсіздік жанын жегідей жейтін. Соңғы кезде өзгеше өзгеріс күткен сыңайы бар.
ә) Заманбек бейтаныс адамға қос қолын ұсына ұмтылды. Шал басын кегжең еткізіп көтеріп алды да, өзіне төніп келе жатқан еңгезерде жігіттің жымиған жүзінен жылылық танығандай Заманбектің күректей қолын қалт-қалт етіп ұстай берді.
- Аманбысың, шырақ? – деп күбір етті.
б) - Арамдықпен борсық боп семіргенше, Адалдықпен арық боп өлген артық. Ақылды адам әр істің артын бағады, Арамтамақта құр таңдай тақылдайды.


55-тапсырма. Берілген мәтіндегі күрделі баяндауышты тауып, олардың стильдік бояуын (синонимділігін) ажыратыңыздар.
а) Алатау атырабына көктем биыл да кешігіп келді.
Алты ай бойы ақ тонын айқара жамылып, теріс қарап жатып алған қиқар шал буыншық-түйіншегін жинастырып, кешелі-бүгін ғана терістікке қарай қозғала бастаған қалпы бар. Бірақ әлі де болса жұрттың жуанын жіңішкертіп, жіңішкесін үзіп кеткісі келгендей қимылы баяу, ырғалып-жырғалып тіпті асығатын емес. Артық-ауыс жүгін Алатаудың құз-қиясын қоймаға қойып кеткеніне қарағанда, түбінде қайта оралатын ойы бар ма, кім білсін... Қыстың өзі қыр асып кеткенімен, ызғары әлі кете қоймаған.
ә) Қуанышын айтуға тілі жетпеді. Тоттанған кәрі жүрегіне жас, қызыл қан жорғалағанын білдіреді. Қос Шалқармен байланысты әңгіменің бәрін айта жөнеледі. Баяғы жүздікшілердің талайының ішінде болған. Жантық пен Қосымның талай қылықтарын тізбектеп ағытады. Бірақ шымбайына батқан батпан қылықтарды қанша толық айта алса да, Қос Шалқар тигеннен кейінгі қуанышын айтып жеткізе алмайды.
б) Әрқайсысына осындай оңаша көзбе-көзде ғана сездіріп жүретін. Сотқар ауылдардың жемі болып жүреді. Абай бір уақытта жылау үстінде лоқсып-лоқсып булығып кеп, құсып-құсып жіберді. Ол өзіне өзі ерік беріп, өксіп-өксіп жылап келе жатыр. Құнанбайға Майбасар кеп есік ашқанда жым-жырт бола қалды. Ол сенделіп жүре береді, жүре береді. Есігі дамыл таппай ашылып-жабылып жатыр екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет