Студенттерге арналған пән силлабусы 2012-2013 оқу жылы


Өзін-өзі бақылау тапсырмалары



бет20/49
Дата07.01.2022
өлшемі319 Kb.
#20218
түріПрограмма дисциплины
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

  1. Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілері қандай?

  2. Үтір қандай орындарда қойылады?

  3. Көп нүкте қандай орындарда қойылады?

  4. Нүктелі үтір қандай орындарда қойылады?

Әдебиет:

  1. Әуелбаев Ш. Пунктуацияның қиын мәселелері. Алматы: Мектеп, 1977.

  2. Оралбаева Н., Абылақов Ә. Қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1992.

  3. Неталиева, Сыздықова Р. Қазақ пунктуациясының ережелері. Алматы, 1961.

  4. Ысқақов А., Хасенов Ә. Тыныс белгілері. Алматы, 1951.


11-тақырып. СЫЗЫҚША

Дәріс мақсаты: Сызықшаның қойылатын орындарымен таныстыру.

Сұрақтар:

1. Бастауыш пен баяндауыш арасында қойылатын сызықша.

2. Төл сөзге байланысты қойылатын сызықша.

3. Құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын сызықша


Сызықша сөйлеудің белгілі бір бөлшектерін басқа бөлшектерді бөлу үшін де, жақындастыру, қосу үшін де, сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік қатынастарды айқындау үшін де қолданылады.

1. Бастауыш зат есімнен немесе заттанған (зат есімдік мәнге ие болған) басқа сөз таптарынан, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болғанда: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы. Тәні сұлу – сұлу емес, жаны сұлу – сұлу. Екеуінің біріншісі – Отар. Бүгін – сапарға аттанатын күн. «Кейін» – демеулік шылау. Желіктірген – Шәкен.

2. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, сызықша қойылады. Бірыңғай мүшелерден кейін келсе, жалпылауыш сөз болып келетіндер, көбінесе, бәрі, барлығы, баршасы, күллісі, бірі деген есімдіктер және сан есім аралас басқа есімдер болады: Ортасында Құнанбай, Бөжей, Байсал, Қаратай, Сүйіндік, Майбасар – бәрі бар. Екі ақсақ, бір жел аяқ – үш боздақ енді базарға қарай бет алдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет