Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:
Пунктуация нені зерттейді?
Алғашқы тыныс юелгілері туралы не білесіз?
Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
Нүкте қандай орындарға қойылады?
Қандай орындарға нүкте қойылмайды?
Әдебиет:
Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. Алматы, Ана тілі, 1991.
Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. Астана, Елорда, 2000
Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. Алматы: Рауан, 1996.
Әуелбаев Ш. Пунктуацияның қиын мәселелері. Алматы: Мектеп, 1977.
9-тақырып. СҰРАУ БЕЛГІСІ МЕН ЛЕП БЕЛГІСІ. ҮТІР
Дәріс мақсаты: Сұрау және леп белгілерінің қойылатын орындарын ,негізгі және қосымша қызметтерін сипаттау. Үтірдің қойылатын орындарына тоқталу.
Сұрақтар:
1. Сұрау белгісінің негізгі қызметі.
2. Сұрау белгісінің қосымша қызметі.
3. Леп белгісінің негізгі қызметі.
4. Леп белгісінің қосымша қызметі
5. Сөйлем ішінде келетін тыныс белгілері.
6. Үтірдің негізгі қызметі.
7. Үтірдің қосымша қызметі
Сұрау белгісі
Сұрау белгісінің де негізі функцияны екі түрлі: біріншіден, сөйлемнің аяқталғандығын білдіріп, екіншіден, сөйлемнің мағынасы жағынан сұраулы екенін аңғартады.
1.Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.
2.Мынадай жолдармен жасалған сұраулы сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады.
Ма, ме, па, пе, ба, бе сұраулық шылауларының қатысуы арқылы
Сұрау есімдіктерінің қатысу арқылы: Сені кім шақырды?
Леп белгісі
1. Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!
2. Ұранды сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады: Қазақстан Республикасы ғылымын жетілдіре түсіңдер!
Үтір – тыныс белгілері ішіндегі функцияға ең бай белгі. Бұл жай сөйлемдерді бір-бірімен бөлу үшін де, сөйлемдегі сөздерді немесе сөз тіркестерін бір-бірінен бөлу үшін де қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |