Студенттерге арналған пән силлабусы 2012-2013 оқу жылы


Өзін-өзі бақылау тапсырмалары



бет16/49
Дата07.01.2022
өлшемі319 Kb.
#20218
түріПрограмма дисциплины
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Қандай атаулардың әр сөзі бас әріппен жазылады?

2. Мекеме, ұйымдардың аттары қалай жазылады?

3. Орталық мемлекеттік органдар атаулары қалай жазылады?



Әдебиет:

  1. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. Алматы: Рауан, 1996.

  2. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Алматы, 1991.

  3. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002

  4. Ерғалиев Қ.С. Қазақ тілінің орфографиясы мен пунктуациясы. Павлодар, 2012.


8-тақырып. ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ. СӨЙЛЕМ СОҢЫНДА ҚОЙЫЛАТЫН ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ. НҮКТЕ, ҚОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАРЫ

Дәріс мақсаты: Пунктуацияның зерттеу нысанасымен, тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдарымен таныстыру. Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілері, нүктенің қойылатын орындарына тоқталу.

Сұрақтар:

  1. Пунктуация жайлы жалпы түсінік

  2. Қазақ тілі пунктуациясының негіздері

3. Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары

4. Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелу тарихы

4. Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілері

5. Нүктенің қойылатын орындары


Пунктуация – жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын, атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және олардың қолдану ережелерін зерттейді.

Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Олар сөйлеудің, сөйлемнің қандай бөлшектерден құралатындығын, оларды қандай ырғақпен, қандай мәнермен, қандай сазбен оқу керектігін, қай жерде үзіліс, қай жерде кідіріс барлығын байқату қызметін атқарады.

Пунктуация, емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы. Пунктуация негіздері – қазақ тіл білімінде аз зерттеліп келе жатқан проблемалардың бірі. Қазақ тілінің пунктуациялық жүйесі мен негіздері орыс тілінің пунктуациялық үлгілерін басшылыққа алу арқылы қалыптасып келеді. Басқа түркі тілдері де негізінде орыс тілінің пунктуациялық ережелерін басшылыққа алады, орыс пунктуацияның жалпы теориялық жағынан танылуы ертеден басталды.

Сөйлем соныңда келетін тыныс белгілерінің әрқайысы, негізінен екі түрлі мағынада, екі түрлі функцияда қолданады: біріншісі – сөйлемнің аяқталғанын білдіріп, оны басқа сөйлемдерден бөліп көрсету, екіншісі – сөйлемнің қандай мақсатта, қандай мағынада айтылғандығын байқату.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет