Крахмал ақ түсті ұнтақ зат, суда ерімейді, ісінеді. Ыстық суда араластырғанда
О О О
О
О О ---
β-1,4-гликозидтік байланыстар
Целлюлозаның полисахаридтік тізбегі тармақталмаған. Ондай тізбектер ұзын
талшықтар – микрофибриллалар түзіп біріккен. Әр тізбек мыңдаған глюкоза
қалдықтарынан тұрады. Тізбектер арасында сутектік байланыстар пайда болады. Осыған
байланысты целлюлоза талшықтары аса берік келеді және суда ерімейді. Молекулалық
массасы шамамен 10 млн мөлшерінде.
Декстран
– кейбір бактериялар түрлері өндіретін полисахарид. Декстран
молекуласы әрқайсысында α,D-глюкопиранозаның 10-12 қалдығынан тұратын қысқа
полигликозидтік тізбектерден құралады. Тізбек ішінде α,D-глюкоза қалдықтары α-1,6-
гликозидтік байланыстармен, ал тізбектер бірімен-бірі α-1,4-гликозидтік байланыстармен
жалғасады. Молекулалық массасы өте жоғары: 12 млн-нан 1 млрд-қа дейін.
Хитин
– жәндіктер мен шаянтәріздестердің жабын ұлпасының негізгі құрамдас
бөлігі. Хитиннің құрылымдық бөлшегі болып өзара β-1,4-гликозидтік байланыстармен
байланысқан N-ацетил-β-D-глюкозамин қалдықтары табылады.
Аса маңызды
Достарыңызбен бөлісу: