Студенттерге арналған пән силлабусы


Психология (Карибаев Ж. А.)



бет7/17
Дата19.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#44199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Психология (Карибаев Ж. А.)




1

Психологияның пәні, міндеттері және әдістері.

Психология психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты танып білуге болады. Осы мәселенiң ғылыми тұрғыда олардың заңдылықтарын психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция. «Психология» терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi «псюхе»-«жан», екiншiсi «логос» - «iлiм», сонымен, бұл сөз «жан туралы iлiм» деген ұғымды бiлдiредi.

1

1




2

Психика және сана.

Бүкiл органикалық дүниенiң мәңгi бақи бiр қалыпта тұрмайтынын, ол сан алуан сапалы өзгерiстер нәтижесiнде пайда болғанын нақтылы ғылыми деректерге орай жаратылыстану ғылымы түсiндiредi. Осы iлiм адам психикасы бiрден жасалмағанын, оның өзi жануарлардың өткендегi талай ғасырлық даму жолдарымен бiртiндеп даярланғандығын, екуiнiң арасында сабақтастық байланыс бар екендiгiн жақсы аңғартады.
Психика органиалық материяның барлығында бiрдей бола беретiн қасиет емес. Ол өсiмдiктер дүниесiнде жоқ. Тiптiтiрi ағзалардың төменгi формаларынан да оны табу қиын. Психика материяның жоғарғы формаларының, жанды материяның ғана қасиетi. Тiрi материяның төменгi түрлерiне қарапайым ағзаларда тiтiркенушiлiк сыртқы тiтiркендiргiштерге жауап бере алушылық, ал оның жоғарғы түрлерiне сезгiштiк заттардың қасиеттерiн бейнелей алу қасиеті тән. Сезгiштiк психиканың ең басты белгiсi. Сезгiштiкағзаның сыртқы ортаны түйсiне алу қабiлетi. Түйсiктiршiлiк жағдайына жiтi бейiмделудiң көрiнiсi. Түйсiк орталық нерв жүйесi бар барлық жануарларда кездесетiн психикалық құбылыс.

1

2




3

Іс-әрекеттің психологиялық сипаттамасы.

Адам саналы тіршілік иесі. Адамды көптеген ғылымдар зерттейді: анатомия, физиология, медицина биологиялық тіршілік иесі ретінде және қоғамдық ғылымдар; педагогикалық психология, социология, физика, тарих, этика, саяси экономика және т.б. қоғамдық ғылымдар адамды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар адамды жеке адам кісі, азамат тұрғысынан зерттейді. Адам еңбектiң қай түрiмен айналысса да, өмiрге ең алдымен қайраткер, iскер және жасампаз болып келедi. Iс-әрекет арқылы адамның рухани өмiр байлығы: ақыл-ой тереңдiгi, күйiну-сүйiну қалпы, қиялдау қабiлетi мен ерiк-жiгер, икемдiлiгi мен мiнез-құлық сипаты көрінеді. Iс-әрекет үстiнде сана қалыптасады, сана iс-әрекет кезiнде қалыптаса отырып, сол әрекеттен көрiнедi де. Мұғалiм оқушының жауап беруi мен тапсырманы орындауына қарай оның бiлiм дәрежесi жөнiнен пiкiр түйедi. Психологиялық зерттеу заты iс-әрекет кезiндегi жеке адам болып саналады. Iс-әрекетәлеуметтiк категория, жануарлар үшiн қоршаған ортаның талабына, ағзаның биологиялық тұрғыдан икемделуiн көрсететiн өмiр ғана тән.

1

3




4

Психологиядағы тұлға мәселесі.

Тұлғасаналы тіршілік иесі, тұлғаны көптеген ғылымдар зерттейді: анатомия, физиология, медицина биологиялық тіршілік иесі ретінде және қоғамдық ғылымдар: педагогикалық психология, социология, физика, тарих, этика, саяси экономика және т.б. Қоғамдық ғылмдар адамды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар адамды жеке адам кісі, азамат тұрғысынан зерттейді. Сонымен, адам деген ұғым сүтқоректілер класына жататын, бойын тік ұстап жүретін, екі қолы еңбек етуге бейімделген, жоғары деңгейде дамыған миы қалыптасқан, саналы тіршілік иесі. Саналы тіршілік иесі ретінде адам өзінің қажеттіліктеріне, мұқтаждықтарына және қызығуларына сәйкес қоршаған ортаны өзгертіп, дамыта алады. Ал жеке адамұғымын біз қалай анықтаймсыз: еңбек ету нәтижесінде жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан, қоғамда дамып, қалыптасатын, адамдармен тіл арқылы қатынас, байланыста болатын адам. Жеке адамды педагогика оқыту мен тәрбиелеу объектісі тұрғысынан зерттейді. Социология жеке адамды әлеуметтік топтардың мүшесі ретінде зерттейді.Ал психология жеке адамның даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.Жеке адамның анықтамасын әртүрлі психологтар түрліше береді А.В. Леонтьев, К.К. Платонов, Г. Омпорт. Даралық ұғымына келсек, әрбір адам өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көрінеді. Өзіндік ерекшеліктері бар адам дара адам болып табылады. Кейбіреулердің даралығы ерекше көзге түседі. Даралық- интелекттілік, сезімдік-эмоциялық және еріктік сфераларыда немесе іс-әрекеттің барлық саласында бірдей көрінуі мүмкін.

1

4




5

Танымдық процестер. Түйсік

Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды. Түйсік біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Оның себепшісі - адам айналасындағы реалдық шындық. Сол шындықтың адам сезімдеріне әсер етуіне байланысты ғана ми бейнелеуінен барып түйсік туады. Былайша айтсақ, түйсік-сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы. Біздің қоршап тұрған дүниеде заттар мен құбылыстар шексіз көп кездеседі. Ал олардың өзіне тән қасиеттері мен сипаттары болады. Белгілі зат не құбылыс адамға бетпе-бет кездесіп әсер етсе ғана түйсік туғыза алады. Кездеспеген зат пен құбылыс адамға әсер ете де алмайды, түйсік туғызуы да мүмкін емес. Психологиялық процестер жүйесiнде түйсiк тiрi материяның жалпы биологиялық қасиетi, сезгiштiктiң ең маңызды формасы. Түйсiк процестерiнде психиканың танымдық, эмоциялық және реттегiштiк жақтары бiр-бiрiмен тығыз байланысты.

1

5




6

Қабылдау.

Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында оған бірнеше түйсіктердің кіруінде емес, сапалық жағында да болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. Мелодияны қабылдағанда оны жай ғана дыбыстың қосындысы деп қараймыз, ең алдымен сол дыбыстардың гармоникалық үйлесімі, дыбыстың үндесіп сәйкестенуі деп танимыз.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері заттар мен құбылыстардың негізгі заңдылықтарына қарай бірнеше топтарға бөлінеді, олар:
Қабылдау процесіндегі фон мен фигура. Адамның сезім мүшелеріне әр түрлі заттар бір мезгілде әсер етіп отырады. Бірақ оның барлығы бірдей тең қабылданбайды. Қайсысына біз назар аударсақ, сол зат қана айқын, анық қабылданады да, басқалары бұлдыр, көмескі боп қабылданады. Қабылдау процесінде белгілі уақыт кезеңінде айқын көрініп тұрған зат фигура болып есептеледі де, ал күңгірт көрінетін басқа заттар оның фоны болады.



1

6




7

Зейін және ес.

Зейiн деп адам санасының белгiлi бiр затқа бағыттала тұрақталуын көрсететiн құбылысты айтады. Зейiн дегенiмiз айналадағы обьектiлердiң iшiнен керектiсiн бөлiп алып, соған психикалық әрекеттерiмiздi тұрақтата алу. Адамға тән әрекеттiң кез-келген түрiнде зейiн орын алмаса оның нәтижесi ойдағыдай болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский зейiннiң маңызын былайша көрсеткен едi: «Зейiн адам санасынан қорытылып өтетiн барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есiгi болып табылады, демек, бұл есiкке iлiмнiң бiрде-бiр сөзi соқпай өте алмайды, егерде ол соқпай өтсе онда баланың санасында ештеңе де қалмайды» деген. Зейiндi психикалық процестердiң тобына жатқызу дұрыс болмас едi., өйткенi өз өмiрiнiң әрбiр моменттерiнде бiр нәрсенi қабылдайды, не есiне түсiредi, бiрер нәрсенi қиялдайды, бiр нәрсе жөнiнде ойлайды. Ал зейiн болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтiн, қайта солармен бiрлесiп келетiн психикалық әрекеттiң айрықша бiр жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейiнге түрлiше әсер етедi. Сезiм зейiндi күшейте түсуге не оны бөлiп жiберуге себепшi болады. Мәселен, бiр обьект жағымды сезiм туғызып зейiндi күшейтедi де, ал көршi сыныптан естiлген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейiнiн төмендетедi. Ерiк, ой, қиял процестерi де зейiнге түрлiше әсер етiп отырады.

1

7




8

Ойлау және қиял

Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсікқабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

1

8




9

Сөйлеу.

Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікірой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудіңкоммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталутембрлік сипатартикуляциялық анықтықтемпакцент т. б.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет