Сөйлеу актісі (лат.actus) орыс.акт речи —белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.
1
9
10
Эмоцилар мен сезімдер
Сезімдер өте күрделі психикалық процецтердің бірі, сол себепті адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адамның сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады, демек адамның өмірі қоғамға байланысты, сезімдеріде қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұны қоғамдық болмыстан көрініп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәні бірдей деп түсіну кейде қате түсініктер тудырады. Мәселен осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бұлыңғырлауы мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері, олардың сапасын көрсетy осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы полярлы сапалықтар деп атайды. Мәселен, ұнату, ұнатпау, қуану, қажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
1
10
11
Ерік.
Адам тек түйсiк, қабылдау, ес, қиял, ойлау арқылы дүниенi танып қана қоймайды, оны сонымен қатар өзгертедi, оған ықпал жасайды әрi өзiнiң қажеттiлiктерiне орай бейiмдейдi. Алайда қажеттi нәтижеге жету үшiн адамға белгiлi бiр күш жұмсауына және кездескен кедергi мен қиындықтарды жеңуiне тура келедi. Жалпы адамның өз көңiл қалауына, тiлектерiне қарамай iстеуге мәжбүр болатын, бiрақ қажеттi әрi саналы түрде ақыл-парасатқа негiзделген әрекеттердiң тууын қамтитын психикалық реалдықты, болмысты түсiндiру үшiн ерiк деген ұғымды қолданамыз. Қазақ тiлiнде ерiк сөзiне синоним ретiнде қайрат, күш-қуат, қажыр, жiгер, ырық сияқты сөздердi пайдаланады.
Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi.
1
11
12
Тұлғааралық қарым-қатынас психологиясы.
Тәрбиелеу объектісі ретінде әдетте жеке баладан гөрі, әртүрлі сипаттар бойынша біріктірілген, балалардың әртүрлі топтары қарастырылады. Адам тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі қатынастарды тікелей көрсететін амалданған көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы мынада: топ – белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.
Шартты топтар бір-бірімен тікелей не жанама объективтік арақатынас жасамайтын субъектілерден тұрады. Олардың әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары ортақ болады (ұлттық, жас шамасы, жыныстық және т.б.). Үлкен шартты топтарды зерттеу олардың мүшелерінің дамуын болжауға және оларға қатысты өзінің стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.
Шағын топтар бұл – ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар.
“Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз оны - “коммуникативті іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леоньтев /6/, М.И.Лисина /7/, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова , Д.А.Исмайлова, Ж.А.Абишева /9/ және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп - екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін атаймыз.
1
12
13
Темперамент
Темперамент туралы iлiм өте ерте замандарда пайда болған. Темпераменттiң негiзiн салған ежелгi грек дәрiгерi Гіппократ (б.з.д.460-377ж) темпераментке алғаш түсiнiктеме берiп, оны негiзiнен жүйке жүйесiнiң қасиеттерiмен емес, ағзада әр түрлi сұйықтықтардың (қан, шырын, сары және қара өт) бiреуiнiң басым болуымен байланыстырған. Ағзадағы осы сұйықтықтардың бiрiнiң басымдығы адамның темпераментiн анықтайды: қан басым болса-сангвиник, шырын басым болса- флегматик, сары өт басым болса- холерик және қара өт басым болса- меланхолик айқындалады деген.
Немiс философы И. Кант темпераменттi екiге бөледi:
1) Сезiм темпераменттерi-сангвиник пен меланхолик жатса;
2) Iс-әрекет темпераменттерi – барлық темпераменттер жатады.
1
13
14
Мінез.
Әрбір адам басқа адамдардан езінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бүл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру. Психологияда бұл— дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез — әрбір адамның жеке басына тэн өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері — адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудіні нәзіктігі, көздің кергіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, акыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекеті сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байланысты болады.