Студенттерге арналған пән силлабусы


Саясаттану (Муканова Г.Б.)



бет5/17
Дата19.10.2022
өлшемі0,77 Mb.
#44199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Новый Силлабус Каз ӘСМП 22

Саясаттану (Муканова Г.Б.)










1

Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саяси ғылымның ғылыми-тапнымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары. Саясаттанудың прагматикалық мәні. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.

1

1




2

Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері

Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі. Саяси ойдың қалыптасуы мен даму тарихының дәуірлік кезеңдері.Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель). Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби).Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы. Саясаттың мәні туралы Макиавеллидің көзқарасы. Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы. Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс. (Т.Мор, Т.Кампанелла).Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары Ағарту дәуірінің негізгі саяси доктриналары ретінде. Ж.-Ж.Руссоның радикалды демократизмі. И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары. Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары.Консерватизм, либерализм, марксизм концепцияларының қалыптасуы. Қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары.

1

2




3

Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

Саясат түсінігі. Саясатты анықтаудағы негізгі әдістер. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде.. Саясат жария үдеріс ретінде. Саясат компромисс және консенсус ретінде. Саясат функциялары мен оның жіктелуі. Саясат құрылымы. Саясатты ұйымдастыру деңгейлері. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар.Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі. Саясат және экономика. Саясат және құқық. Саясат, мораль және дін. Саясаттың әлеуметтік негіздері, саясаттың субъектілері мен объектілері. Саясаттағы объективтілік пен субъективтілік, оның қоғамдық дамудағы рөлі. Саясаттың гумандық сипаты.Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттары. Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі саясаты.



1

3




4

Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері

Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік). Биліктің функциялары. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары. Биліктің деңгейлері.Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері. Саяси және мемлекеттік билік. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі. Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері.Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік. Негізгі институттар мен билік тиімділігінің критерийлері.

1

4




5

Саяси элиталар және саяси көшбасшылық

Элиталардың негізгі теориялары: Г.Моска мен В.Паретоның элитаның классикалық теориялары, демократиялық элитизм (М.Вебер) мен элита плюрализмі (Г.Лейпхарт, Р.Даль) концепциялары.Саяси элита түсінігі. Қоғамға әсер ету көздері бойынша саяси элиталардың жіктелуі: (мұрагерлік, құндылықтық, биліктік, функционалдық), қалыптасу тәртібі бойынша (ашық және жабық). Элиталардың айналымы заңы. Саяси элитаның құрылымы (жоғарғы және орта). Саяси элиталарды таңдау жүйелері. Қазақстан Республикасындағы саяси элиталардың қалыптасу ерекшеліктері.Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функиялары. Саяси көшбасшылықтың қазіргі теориялары. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі. Саяси көшбасшылықтың сипатын айқындайтын факторлар. Саяси көшбасшылықтың дамуындағы жаңа үрдістер.

1

5




6

Қоғамның саяси жүйесі

Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері. Институционалдық, идеологиялық, коммуникативтік, нормативтік және мәдени жүйешіктер арқылы саяси жүйенің құрылымына талдау (Т. Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд және т.б.). саяси жүйелердің типологиясы
Саяси жүйенің тиімділігі. Саяси тұрақтылық пен саяси тәртіп, саяси тұрақтылықтың түрлері. Саяси тәуекелдіктің факторлары. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.


1

6




7

Мемлекет және азаматтық қоғам

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде. Мемлекеттің пайда болу теориялары мен концепциялары. Мемлекеттің белгілері мен құрылымы. Мемлекеттік құрылыс және басқару формалары. Мемлекеттің функциялары, олардың қазіргі заман жағдайындағы трансформациясы. Қазіргі заманғы тәуекелдер жағдайындағы саяси бағытты әзірлеу. Мемлекет - Қазақстан Республикасы. Қазіргі заманғы Қазақстандағы демократиялық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы.Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: мәні мен принциптері. Егеменді мемлекет Қазақстан Республикасының Конституциясы. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу шарттары.Азаматтық қоғам: мәні, құрылымы, функциялары. Азаматтық қоғамның негізгі концепциялары. Азаматтық қоғам қызметінің бағыттары. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның даму келешегі

1

7




8

Саяси режимдер

Саяси режим түсінігі мен түрлері. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның ерекшеліктері. Авторитарлық саяси режим және оның формалары. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері. Демокртаияның қазіргі формалары. Демократиялық принциптер мен шаралар.Қазіргі уақыттағы саяси режимдер: батыстағы полиархиялар, жаңа демократиялар, шығыстық-азиялық режимдер, исламдық режим, әскери режимдер.
Қазақстандағы саяси режим, оның дамуы. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің демократиялану үдерісі.

1

8




9

Сайлау жүйелері және сайлау

Сайлау демократияның міндетті шарты ретінде. Сайлау жүйелерінің мәні мен сайлау жүйелерінің негізгі түрлері. Сайлау жүйелерінің қазіргі концепциялары. Мажоритарлы сайлау жүйесі, оның түрлері мен модификациясы. Пропорционалды сайлау жүйесі, оның түрлі елдердегі ерекшеліктері. Аралас сайлау жүйелері. Көпсатылы сайлау. Сайлау шаралары мен салау кампаниялары.Қазақстан Республикасындағы сайлау туралызаңнама. Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі, оны жетілдірудің жолдары мен бағыттары. ҚР электоралдық үдерістің ерекшеліктері.

1

9




10

Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар

Саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері. Саяси партиялардың типологиясы. Биліктік қатынастар жүйесіндегі саяси партиялар. Партиялық жүйелер, олардың классификациясы. Партиялық жүйенің қазақстандық үлгісі.Қоғамның саяси өмірінде қоғамдық-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда болуы және эволюциясы. Қазақстандық қоғамның саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың алатын орны мен рөлі.Лоббизм. Мүдде топтары: түсінігі, қызметтері, типологиясы. Саясаттағы қысым топтар.

1

10




11

Саяси мәдениет пен мінез-құлық

Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері. Саяси мәдениет құрылымындағы саяси дәстүр, саяси миф, саяси стереотип, саяси символика. Саяси мәдениеттің деңгейлері: дүниетанымдық, азаматтық, саяси. Қоғамның саяси мәдениеті мен саяси субмәдениеттердің арақатынасы.Саяси мәдениет типологиясының критерийлері. Саяси мәдениеттің негізгі үлгілері. Саяси мәдениеттердің батыстық және шығыстық типтерінің ерекшеліктері.Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет – қазіргі жағдайы мен даму үрдістері.Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары. Саяси мінез-құлық пен саяси ұатысу – түсінігі, негізгі теориялары, жіктелуі.

1

11




12

Саяси сана мен саяси идеология

Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері. Қоғам мен саясаттағы идеологияның пайда болуы, алатын орны мен рөлі.Саяси идеологияны анықтаудағы түрлі әдістер. Саяси идеологияның мәні мен белгіленуі. Қазіргі негігі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, марксистік дәстүр мен халықаралық социал-демократия.Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың жаңа үлгісінің стратегиясы, қоғамдық сана модернизациясы. Ұлттық "Мен" және ұлттық бірегейліктің ішкі өзегін сақтау. Қазіргі заманғы модернизация үлгілерінің қатерлері. Ұлттық рухты сақтау және Қазақстан Республикасының болашақ дамуының ұлттық үлгісін құру.

1

12




13

Саяси даму және модернизация

Саяси даму және оның критерийлері. Саяси модернизация түсінігі. Саяси модернизацияның мақсаты, оның негізгі сипаттары. Саяси модернизацияның кезеңдері мен факторлары. Модернизациялық үдерістегі дәстүрдің рөлі. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы. Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаларды жүзеге асырудағы 100 нақты қадам. 5 президенттік реформа: кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру."Қазақстан-2050 Стратегиясы" Қазақстан Республикасының саяси бағыты ретінде. Күшті мемлекет және Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекеті қатарына енуі.

1

13




14

Саяси шиеленістер мен дағдарыстар

Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті және деструктивті қызметтері. Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы.
Саяси шиеленістердің динамикасы. Саяси шиеленістерді шешу түрлері мен жолдары. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси шиленістердің алдын алу технологиялары. Қазіргі жағдайдағы саяси дағдарыстан шығу тәсілдері.Этносаяси шиеленістер. Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі.


1

14




15

Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынаста

Әлемдік саясат және әлемдік саяси үдеріс. Халықаралық қатынастар түсінігі және негізгі субъектілері. Халықаралық қатынастар теориясындағы теориялық әдістер мен негізгі дәстүрлі мектептер.Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар жүйелерінің типологиясы мен олардың қызмет етуінің құрылымдық заңдылықтары.Қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының негізгі үрдістері. Әлемдік саяси үдерістердің жаһандануы мен қазіргі жаһандық қауіп қатерлер.Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстан сыртқы саясатының басымдық бағыттары – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті күшейту.

1

15







Барлығы




15

15









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет