Абай атындағы қазақ ұлттық педагогкалық университеті Педагогика және Психология институның «Бастауыш білім беру Ақпараттық-коммуникациялық Технологияларымен» мамандығының 2-курс (3 жылдық) студенті Құрманғали Диананың «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА» өту барысында жазған Педагогикалық іс – тәжірибе кезіндегі практиканттың жұмысы жайында Есебі: Мен Құрманғали Диана Алматы қаласы, Алмалы ауданы №167 жалпы білім беретін мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығында 23.01.2023-18.02.2023ж уақыт аралығында «Педагогикалық практика» іс – тәжірибесінен өттім. Тәжірибе барысында өзіме бөлінген 1 «в» сыныбымен қайта қауыштым. 1 «в» сыныбында барлығы 18 оқушы бар. Олардың біразы білімге, өнерге деген қызығушылықтарын, жан-жақты.Үйге берілген тапсырмаларды ұқыпты, мазмұндылықпен орындайды. Оқушылардың мінезі байсалды әрі салмақты. Ұстаздар қауымына инабаттылықпен, кішіпейілділікпен қарайды.
Сынып жетекшім Тульбаева Ақниет апай дұрыс қмж дайындауды, оқушылардың назарын өзіме аудартуды, сабақ өтудегі түрлі әдіс-тәсілдерді үйрендім. Сынып жетекшімнің педагогикалық практика кезінде маған берген білімі мен тәжірибесі мол болды. Жетекшім оқушылардың жеке қабілеттері мен оқудағы дағдыларын, мінез ерекшеліктерін жеке-жеке түсіндірді.
Сабақ кезінде оқушыларға тақырыпты тек оқулықтың аясында түсіндіріп қана қоймай, әдіс-тәсілдер, түрлі көрнекіліктер қолдану арқылы жеңіл түрде түсіндіруге тырыстым. Бірнеше ашық сабақтар өттім:Ана тілі «Тасымал» , Математика пәні «Уақыт.Сағат.Минут», Жаратылыстану «Қазіргі ғарыштық зерттеулер».
Әр аптаның сейсенбі күні сынып сағатын өткіздім . «Әдепті бала- арлалы бала», «Саналы ұрпақ - ұлт болашағы», «Менің Отаным – менің мақтанышым». Әр сабаққа көрнекі құралдар , таратпа қағаздар , АКТ құралдарын пайдалана отырып, сабақты ойдағыдай жақсы деңгейде өткіздім.
Практиканың соңғы аптасында «Бастауыш апталығы»басталып барлық практиканттар белсенді ат салысты.Ол жерде аптаның ашылу салтанатына байланысты әр түрлі шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды.Оның ішінде:стенгазед,көрме,екі жұлдыз байқаулары біздің жауапкершілігімізге артылып абыроймен атқарып шықтық.
Қорыта келгенде,iс тәжірибе қызықтарымен де өзіндік қиыншылықтарымен есте қалды.Tәжірибе барысында ұстаздардан көп нәрсені үйрендім, ұғындым. Ұстаздарда қауымының қадірін жете түсіндім. Іс – тәжірибеден өткеннен кейін мамандығыма деген қызығушылығым арта түсті. Мектеп ұжымына және сынып жетекшіме алғысым шексіз.