Студенттің аты-жөні: Рамазан Перизат,Турарбекова Әсел, Джумиева Ажар Сыныбы: 1-г Уақыты



бет1/3
Дата01.10.2024
өлшемі21,19 Kb.
#146430
  1   2   3
Байланысты:
тәрбие сағаты құстар (копия)


Студенттің аты-жөні:Рамазан Перизат,Турарбекова Әсел, Джумиева Ажар
Сыныбы: 1-г
Уақыты:14.04.23ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Құстар- біздің досымыз!»
Тәрбие сағатының мақсат-міндеттері:
А) Білімділік: Оқушыларды табиғаттың бір бөлшегі құстардың түрлерімен және тіршілігімен таныстыру.
Ә) Тәрбиелік:
Табиғатқа және құстарға қамқорлықпен, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбие сағатының түрі:
Тәрбие сағатында қолданылатын технологиялар:АКТ, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлаулды дамыту технологиясы.
Тәрбие сағатында қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жеке санасын қалыптастыру әдістері: түсіндіру, әңгімелесу; қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру әдістері: сұрақ-жауап, ойын.
Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану
Оқыту құралдары: сурет,құстың ұясы
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Кіріспе сөз
-Сәлеметсіздер ме оқушылар! Сендерді көргенімізге өте қуаныштымыз. Көңіл күйлерің қалай?
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Жүректен жүрекке. Достық торы
-Оқушылар! Барлығымыз шаттық шеңберіне жиналайық. Қазір тоқыма жіпті өз лебіз,тілектерімізді айтып, жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында бір-бірімізге беріп, «Достық торын»
-Ал, енді балалар көзімізді жұмып, бір сәт тыңдайықшы. (құстың әуені)
- Ненің дауысы естіледі? (Құс шырылдайды) Бұл не балалар?
- Құс
- Тақтаға қараңдаршы! Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Құстардың
- Дұрыс айтасыңдар балалар.Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы не туралы болмақ?

- Құстар туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет