Оқушылар, тақтадағы суреттерді көріп тұрсыңдар ма? 4 топқа 4 сурет беріледі. Әр топтың суреті әртүрлі. Құстардың суреттерін көлеңкесімен сәйкестендіру керек.
2-Цифрлы үйшік
Оқушылар, тақтада көріп тұрғандарыңдай үйдің ішіндегі кейбір сандар жетіспейді. Үй төбесіндегі сан шығу үшін бос ұяшықтағы санды есептеп ,табуларың керек. Мысалы, 7 саны шығу үшін , 6 санына 1 санын қосу керек. Бос ұяшыққа 1 санын жазасыңдар. Барлығын да дәл солай есептеп, толтыру керек. Бұл тапсырманы орындау үшін әр топтан 2 оқушыдан шыға қойыңдар.
3-Сәйкестендіру.
Оқушылар, суретте үйрек пен оның балапандары берілген. Сендер есептеп, дұрыс сәйкестендіру арқылы балапандарды өз аналарына жеткізулерін керек. Әр топтан 2 оқушы шыға қойыңдар.
Сергіту сәті: Қарлығаш әні
Жеке жұмыс: Лабиринт.
Оқушылар, қазір барлықтарыңа жеке орындауға арналған тапсырма-сурет береміз. Бұл суретте үкі мен оның баласы берілген. Сендер дұрыс жолды тауып, қаламмен жолды сызу арқылы кішкентай құсты өз анасына жеткізулерің керек.
Оқушылар, қазір сендерге құстарға байланысты сөйлемдер оқитын боламыз. Егер келіссеңдер «болады» жауабын, келіспесеңдер «болмайды» жауабын көрсетесіңдер.
30-40жыл өмір сүретін жыл құсы
2. Адамның досы, ұясын үйдің айналасына салатын құс
3. Еркіндіктің символы болып саналатын құс
4. Сұлулықтың символы
5. Қысқы мезгілінде жылы жаққа ұшпайтын отырықшы құс
6. Құс патшасы
Қорытынды сөз: -Балалар, құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жаруға болмайды. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, балалар .! Өйткені құстар - біздің досымыз!
Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.