Студенттің аты-жөні: Рамазан Перизат,Турарбекова Әсел, Джумиева Ажар Сыныбы: 1-г Уақыты


- Жарайсыңдар!Ендеше Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы “Құстар-біздің досымыз”



бет2/3
Дата01.10.2024
өлшемі21,19 Kb.
#146430
1   2   3
Байланысты:
тәрбие сағаты құстар (копия)

- Жарайсыңдар!Ендеше Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы “Құстар-біздің досымыз”
Негізгі бөлімі:
Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар. Құстардың үстінде мамық жүндері болады, үшкір, өткір тұмсығы бар,аяқтарында өткір тырнақтары бар.
Құстар - біздің досымыз, олар табиғаттағы керемет тіршілік иелері. Көк аспан құстардың мекені, аспанды құссыз елестету мүмкін емес. Олар тамаша әуендерімен айналаны әсем әнге бөлеп, адамдарға керемет көңіл – күй сыйлайды. Сонымен қатар құстар бау - бақша, егістік жерлердегі жәндіктерді жеп табиғатқа пайдасын тигізеді екен. Яғни құстар біздің жерден алатын азық - түлік өнімдерімізді құрттардың құртуынан, жәндіктердің жеуінен құтқарады екен.
Топқа бөлу: Оқушылар бүркіт,қарлығаш, торғай, аққудың суреттерін таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді
1-топ: Қарлығаш
2-топ: Аққу
3-топ: Торғай
4-топ: Бүркіт
Қарлығаш – адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар, әні құлаққа жағымды. Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Мейірімді құс. Егер оның ұясына бейтаныс құс кіріп кетсе, оған шабуыл жасамай, басқа ұяға көшіп кетеді. Ол үнемі азық іздеумен айналысады. Оның балапандары күніне 300 рет тамақтанады
Аққу – қорғауға алынған жыл құсы.Мойны ұзын әдемі құс.Халқымыз аққуды сұлулықтың символына балаған. Аққу – 30-40 жыл өмір сүреді..Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.
Бүркіт – еркіндік пен бостандықтың символы саналатын қасиетті құс. Және Бүркіт жыртқыш құс.Оның түсі қоңыр. Бүркітті ерте кезден ұстаған,аңшылыққа үйреткен. Халқымыз бүркітті ерекше дәріптеп, «Құс патшасы – бүркіт, аң патшасы – арыс­тан», «Көк аспанның әміршісі», «Құс төресі бүркіт» деп өте жоғары бағалап оған үнемі құрметпен қараған.
Торғай – адамдарға жақын жерде ұя салғанды ұнататын ең танымал құстардың бірі. Ол мейірімді, тапқыр және жанасқыш құс. Торғай - кішкентай құс, өлшемі 18 см-ге дейін, ал салмағы 35 г аспайды. Қыс мезгілінде жылы жаққа ұшпайтын отырықшы құс. Әрі қорек талғамайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет