Студенттің есебі



Дата10.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#66681
Байланысты:
Телеу Ғазиза студенттің есебі


Студенттің есебі
Мен Телеу Ғазиза Қанатқызы, 28.11.2022-24.12.2022 ж.ж аралығында 4-курстағы өндірістік іс-тәжірибемді Қызылорда қаласы,Тасбөгет кенті Әбубәкір Тыныбаев атындағы№11 мектеп-лицейінде өткіздім.Маған педагогикалық тәжірибеден өту кезінде биология пәнінен жетекші болып Назаралиева Гүлзира, сынып жетекші болып Смағамбет Нұргүл бекітілді.
Мені кәсіби «өндірістік-педагогикалық» практика кезінде 10-«Б» сыныбының уақытшасынып жетекшісі ретінде бекітті. Смағамбет Нұргүл мектептегі іс-тәжірибе жетекшім болып бекітілді.Практика белсенді болғандықтан мен аптаның 6 күні барып, 10 «Б» сыныбының биология және де басқа да пәндерінің сабақтарына қатыстым.10-«Б» сыныбымен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Оқушылармен жақсы қарым-қатынас құрдым.Өздерін менің алдымда еркін ойларын айта алатындай дәрежеге жеткіздім.Оларды сабақ арасында сергітіп алу мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолдандым.10-«Б» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың оқу құралдарының түгел болуын тексеріп, олардың дұрысталуына ат салыстым. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткіздім. 16 желтоқсан күніне орай Тәуелсіздік Тәңір берген тәтті сый тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздім.Бұдан бөлек оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмек қолын создым.Өзімді оқушы алдында емін еркін ұстауға дағдыландым.Осы 4 апта ішінде өзіме керекті педагогикалық тәжірибелерді жинай алдым.

Ашық сабақтан суреттер





Тәбие сағатынан суреттер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет