Мектеп тарихы
«OZAT Білім Компаниясы» ЖШС 2019 жылы негізі қаланған. Алғашында тек Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындық курсы ретінде ашылған бұл мекемеде қазіргі таңда ҰБТ мектебі және академиялық курстар бар. Мектепте сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. 18 оқу кабинеттері бар, олардың барлығы эстетикалық және санитарлық-гигиеналық сұранысқа сай. Оқушылардың пән бойынша терең және жан-жақты алу білім алу үшін 48,02 ш.м. ауданды кітапхана, 15 оқушыға арналған оқу залы бар, 2 еңбек кабинеті, алғашқы әскери дайындық,1 информатика кабинеті бар онда 2компьютер оның біреуі интернет желісіне қосылған және спорт зал-150,5 м/кв. Асхана-52,9 м/кв. 30 балаға арналған. Мектеп ғимаратының бір бөлігінде. Мектептің бірінші қабатында 2 бөлмеден тұратын мед. кабинет орналасқан.
Бұл мектепте қарапайым мектеп бағдарламасын ағылшынша өтуге машықтанады. Түске дейін мектеп бағдарламасын оқыса, түстен кейін қосымша үйірмелерге барады. Сонымен қатар, тілдер үйретеді. Апта сайын қосымша коучтар мен мотивациялық кештер болады. Бала білім алуы үшін, заман талабына сай , көп тіл білетін әрі өз мамандығын айқын таңдай алуы үшін көп мүмкіндіктер жасалған.
Мектептегі бірыңғай тәрбие-білім беру жүйесі
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қоғамды алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі – тәрбиесі қиын балалардың санының көбеюі. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, анамальды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден, ата-аналармен немесе мұғалімдермсен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзән-өзә түзетуге қабілетсіздігі.
ҚР-ның «Кәмелетке жасы толмағандар арасында заң бұзушылықтың алдын алу және балалар арасында қаңғыбастықты болдырмау» заңындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты:
-кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық санасын және мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;
-кәмелетке жасы толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру;
-кәмелетке жасы толмағандар ата-аналарымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау;
-балаларды оқыту,тәрбиелеу,емдеу,спорт және өзге де мекемелермен тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
-кәмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеу;
-балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және имандылық дамуына, оларды патриоттыққа, азаматтыққа және бейбітшілік сүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал етуден тұрады.
Осы заңның негізінде мектепте 2019-2020 оқу жылға арналған кешенді тәрбие бағдарламасы жасалып, оқушылар арасындағы жағымсыз қылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін балалардың қараусыз қалу мен қаңғырудың алдын алу жүйесін жетілдіру міндеті қойылған болатын. Осылайша мектепте көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мектеп келешек қоғамның азаматтарының жақсы, білімді, тәрбиелі азаматтар тәрбиеленуіне жол ашатын тәрбие, білім ордасы.
Достарыңызбен бөлісу: |