5. Диагностика. Жылына бір рет болса да, кардиолог дәрігердің тексерілуіне барып тұрыңыз. Біздің өмір сүріп отырған жағдайымызда мұндай мәселелердің бірнеше күннің ішінде-ақ орын алып, соңы жақсылыққа апармауы әбден мүмкін. Жұмыста жүргізілетін медициналық тексерістерге қалай болса солай қарамаңыз. Ал егер сіз үйде жұмыс істесеңіз, өздігіңізден дәрігерге баруға уақыт табуға тырысыңыз.
Сілекей бездері. Ас қорытудағы ферменттердің маңызы.
Тістер, олардың алмасуы, кариесті – тіс қант құртын болдырмау үшін
күрес.
Ішек – қарын ауруларын болдырмау жолдары.
1.Сілекей бездері. Ас қорытудағы ферменттердің маңызы.Сілекей бездерін кіші және үлкен сілекей бездері деп бөледі. Жұпты үлкен сілекей бездері – құлақ маны, төменгі жақ асты, тіс асты және кіші сілекей бездері – ерін, ұрт, тіл ас қорыту бездері болып табылады.
Құлақ маңы сілекей безі – үш бездің ішіндегі ең ірі без болып табылады. Безде бет нервісі өрім түзеді. Бездің шығару өзегі ауыз қуысы кіре берісінде жоғары 2 – ші азу тіс деңгейінде ашылады.
Сілекей безі құрылысы жағынан күрделі альвеолярлы без болып табылады. Ауыз қуысына бөлінетін серозды секреттің құрамы күрделі. Құлақ маңы сілекей бездерінің клеткалары шығару қызметін атқаратындықтан, организмнен дәрілік заттар мен токсиндерді бөліп шығарады.
Құлақ маңы сілекей безі ішкі секреция безі болып табылады (паротин минералды және белокты алмасуға әсер етеді). Құлақ маңы бездері жыныс, қалқанша, қалқанша маңы бездерімен, гипофизбен, бүйрек үсті бездерімен гистофункционалдық байланыста.
Төменгі жақ асты сілекей бездер – серозды кілегейлі секрет бөліп шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады. Иек асты және тіл артериялары салдарынан қанмен қамтамасыз етіледі. Төменгі жақ асты сілекей бездері жақ асты нерв түйінінің бұтақтарымен инервацияланады.
Тіл асты сілекей бездері – аралас болып табылады және серозды – кілегейлі секрет болып шығарады. Шығару өзегі тіл асты еміздікшесіне ашылады.
Кіші сілекей бездері – барлық кілегей қабаттарда орналасады. Таңдай бездері артқы бөлімде көп және жұмсақ таңдайдың бағыты бойынша олардың саны көбейеді. Тілдің түбірінде, валик тәрізді еміздікшеде серозды бездер, ал басқа жерлерде – кілегей бездер орналасады.
Ферменттер – аралас сілекей де 5 негізгі топта кездеседі: карбоангидраза, эстераза, протеолитикалық, ферментті қабылдайтын және аралас топ. Қазіргі уақытта жалпы алғанда ауыз қуысы сұйықтығында 50 – ден астам ферменттер анықталды.
Ферменттер 3 топқа бөлінеді:
Сілекей безі паренхимасымен секреттелінетін;
Бактериялардың іс — әрекетінен ферментатаивті процесс түзіледі.
Ауыз қуысында лейкоциттердің қорытынды ыдырауында түзілетін.
Сілекейдегі ферменттердің ішінде ең алдымен ауыз қосында көмірсуды жартылай гидролиздейтін, оларды декстранға, мальтазаға айналдыратын альфа – амилазаны бөлуге болады.
Сілекейдің құрамында фосфатаза, липаза, лизоцим, гиалуронидаза, калликрейн, лептидаза, РНК – аза, ДНК – аза ферменттері бар. Фосфатаза (қышқылды және сілілі) фосфор мен кальций алмасуына қатысады. Гиалуронидаза мен калиикреин тіс эмалі мен тіндердің өткізгіштік деңгейін өзгертіп отыратын ферменттер болып табылады. Сонымен бірге олар ауыз қуысының кілеегей қабаты мен тістердің қатты тіндерінің гомеостазын қалыпты жағдайда ұстап тұру процесінде маңызды роль атқарады.
Сілекей 99,42% судан, 0,58% органикалық және органикалық емес заттардан тұрады. сілекей дегі органикалық емес компоненттердің ішінде кальций тұздары, фосфаттар, біріккен калий мен натрий, хлоидтер, бикарбонаттар, фторидер, роданиттер қатысады. сілекей де кальцийдің құрамы (1,2ммоль/л) қан сарысуына қарағанда төмен. Кальцийдің көп бөлігі ионизирленген жағдайда табылады, ал қалған бөлігі – фосфаттармен біріккен жағдайда немесе белоктармен байланысты. Оның РН – төмендеген кезде ауыз қуысы сұйықтығында гидроксиапатиттердің ерітілуі интенсивтілігі ұлғаяды.